Спорт

Вишневская Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

Фото: Vesti.kz

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада биатлон бойынша спринттік жарыста қазақстандық спортшы Галина Вишневская жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші орында украиналық спортшы Яна Бондарь, үшінші орынға ресейлік Анастасия Егорова табан тіреді.

Жарыс нәтижесі, екі оқ ату шебі бойынша: 1. Галина Вишневская (Қазақстан) — 21:43.1 (1+0) 2. Яна Бондарь (Украина) — +22.8 (1+1) 3. Анастасия Егорова (Ресей) — +36.7 (1+0) 7. Дарья Усанова (Қазақстан) — +1:06.0 (1+2) 8. Анна Кистанова (Қазақстан) — +1:11.1 (0+2) 12. Алина Райкова (Қазақстан) — +1:31.1 (0+1) 18. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +2:45.3 (2+2) 21. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) — +3:05.8 (1+2)

Еске сала кетсек, 31 қаңтарда биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстанға алғашқы алтынды әперді. Екінші алтынды сол күні қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенов пен Бағлан Іңкәрбек аралас командалық акробатика сайысында алған болатын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close