InstaNewsЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыСпортШоу бизнес

Роналду мен Головкиннің бірге түскен суреті желіде қызу талқыға түсті

Әйгілі Криштиану Роналду мен отандасымыз Геннадий Головкин инстаграм парақшаларына бірге түскен фотоларын жүктеп, жанкүйерлерінің қызығушылығын тудыруда, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Бүгінде спорт жұлдыздары бір жобада бірлесе жұмыс жасап жатқандарын әлеуметтік желіде жазған. Олар Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жүргізуде екен.

«Досым Криштиану Роналдумен Туринде өткен керемет күн. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз», — деді Головкин өз постында.

Бұл кездесуде GGG футболшы досына былғары қолғап сыйласа, Роналду кәсіпқой боксшыға өз командасының футболкасын тарту еткен.

«GGG, сені көргеніме қуаныштымын! DAZN-ға арналған жаңа жобада ерекше досыммен бірге жұмыс істеп жатырмыз», — деді әйгілі футболшы инстаграм парақшасында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close