Жаңалықтар

Авторлық құқық: Витас Димаштың үстінен шағымдана алмайды.

Витас Опера№2 әнін орындаған Димаш Құдайбергеновке арыздана алмайды — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Айта кетейік, кеше ресейлік әнші Витастың әнінің қытай телеарнасында орындалғаны үшін арыз түсіргені белгілі болған еді. Қытай БАҚ-тары ресейлік әншінің I am a Singer музыкалық байқауын көрсеткен Hunan TV арнасының үстінен арызданғанын жазған. Әнші қазақстандық Димаш Құдайбергеновтің «Опера №2» әнін орындағанына наразы болған. Ол енді қаламақы талап етіп отыр екен.


Витас өз шағымын әлеуметтік желілерде жариялаған.

Ал өз кезегінде Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұған қатысты пікір білдірмейтінін, алайда Витастың шағымы телеарнаға түсірілгенін айтты.

Авторлық құқықтар жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов болса Витас өз әндерінің байқауларда орындалуына тыйым сала алмайды деген пікірде.

«Әдетте конкурстарда мұндай тыйымның күші жоқ. Сондықтан конкурстарда кез келген әнді орындай беруге болады. Алайда мұндағы мәселе құқықты кімнің қорғайтынында болып отыр. Мәселен, белгілі бір фильм түсіргіңіз келді делік. Оған әуен таңдағанда авторынан рұқсат сұрап, сыйақысын төлейсіз — бұл авторлық құқықтың сақталуы. Оған белгілі музыканың жарнамада қолданылуы да жатады. Әдетте, менің білуімше, SuperStar.kz сияқты байқауларда лицензияларына сәйкес, не музыкалық баспалармен, не авторлық ұйымдармен келісім жасалады. Осы музыкалық материал құқық иелеріне төлем жасалғаннан кейін берілуі қажет. Сондықтан, менің білуімше, бұл конкурстардың қарапайым процедурасы», — дейді Төлегенов.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close