Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпортШоу бизнес

Боксшы Әділбек Ниязымбетовтың дүбірлі тойы қашан?

Былғары қолғабымен қоштасқан Әділбек Ниязымбетов отау құрудың қамына кіріскен бе? Спорт саласындағы сүрбойдақ жүрегінің жартысын тапты ма? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі хабарлайды.

Жылдар бойы еліміздің спорт саласында жемісті еңбек ете білген Әділбек Ниязымбетов, былғары қолғабын, қағаз бен қаламға алмастырғанына бір жыл болыпты. Сылқымдардың арманына айналған сүрбойдақтар санатындағы спортшы, бүгінгі таңда шоу-бизнес өкілдерінің жиындарында жиі бой көрсетіп жүр.

«Біз кішкентай кезімізден бастап спортта жүрген соң әрі-бері шығуға қолымыз тиген жоқ. Енді қазір былғары қолғаппен қоштасқалы, жан-жақты жігіттермен, достарымызбен, ағаларымызбен амандасып, кездесіп, танысып жатырмыз», — дейді Ниязымбетов.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, қазіргі таңда елордадағы олимпиадаға даярлау орталығында еңбек етуде. Рингті кеңсеге, қолғапты қағазға алмастырған Әділбектің қазіргі әсері қалай?

«Ешқайсысы да оңай емес қой. Спортта жүрсең де қиналасың, аянбай тер төгесің, халықтың атын қорғайсың. Ал, жаңа жұмысымда адамдармен бокстаспайсың, бірақ қағазбен кәдімгідей бас қатырасың», — дейді боксшы.

Ниязымбетов кеңседегі қызметіне білек сыбана кіріскен. Әйтсе де орда бұзар жасқа аяқ басқан Әділбек, отбасын құруға әлі асықпайды.

«Үйлене алмай, әлі жүрмін ғой. (күліп) Себебі, өзімнің теңімді жолықтырмадым ба, деп ойлаймын. Келесі жылға жоспарлап отырмыз енді, табылып қалар, бұйырғаны», — дейді Әділбек.

Азаматтың, арманындағы аруға қояр талабы да соншалықты қатаң емес. Бастысы былғары қолған шеберін бағалай білсе болғаны.

«Ең бірінші өзара сыйластық, қыздың тазалығы, күйеуіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сондай-ақ, үлкендерді сыйлап, құрметтей білсе, қалғандары уақытымен келеді. Үйретуге болады деп ойлаймын», — дейді спорт шебері.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close