InstaNewsЖаңалықтарМузыкаРепортаждарСпортСәнШоу бизнес

Атышулы сәнбике Динагүл Тасова дене сымбатын қалай сақтайды?

Күні кеше модель «Bridge Tv Qazaqstan» ұсынған «Бұл нағыз карантин» атты ерекше челленджге қатысты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Музыкалық арнаның ұжымы қазақстандықтарға үйде құр отырмай, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Бүгінде бұл онлайн эстафета қазнетте қарқын алып, еліміздің түкпір-түкпіріне тарауда. Физикалық жаттығулар жасап, аталмыш челленджді қолдағандар қатарында атышулы сәнбике Динагүл Тасова да бар. Бикеш келеңсіз жағдайларға қарамастан, дене сымбатын сақтауға ерекше көңіл бөлетінін айтады.

«Осы челлендждің арқасында мен үйде күнделікті спортпен айналысудамын. Нәтижесін енді көре жатармыз. Менің ұмытым калған, студент кезімде жасап жүрген жаттығуларымды есіме түсірді. Бұл жерде  тек мостик жасамаймын. Одан да басқа күнделікті өзім жасайтын дене шынықтыратын жаттығуларды қостым», — дейді Динагүл Тасова.

Аталмыш жобаның басты мақсаты — үйде отырған халықтың белсенділігін арттыру мен  уақытты тиімді өткізуіне түрткі болу.

«Челлендждің бір пайдасы — қазір карантинде үйде отырған барлық отбасыларға, жастарға өте үлкен септігін тигізеді. Күнде бір жерде жата бергендіктен сіздің қан айналымыңыз дұрыс жүрмей қалуы мүмкін. Не болмаса, адамда тез шаршау пайда болады. Сондықтан да бұл спорттық эстафета бәріміздің денсаулығымызға зор пайдасы тиеді», — дейді модель.

Ән арнасының әлеуметтік  желідегі оқырмандарына әзірлеген тосынсыйы мұнымен шектелмейді. «Bridge Tv» ұжымы желідегі қолданушыларына елімізге танымал спорт жаттықтырушыларымен бірігіп, күнделікті марафонға қатысуға мүмкіндік сыйлап отыр.

«Баршаңызға сәлем! Менің атым — Жәнібек. «Bridge Tv Qazaqstan» әндері қосып, менімен бірге түрлі дене жаттығуларын жасауға шақырамын», — деді Жәнібек Жүнісов есімді кәсіби жаттықтырушы.

Сондай-ақ, арна ұжымы алдағы уақытта көрермендеріне әртүрлі қызықты жобалар ұсынбақ. Ол үшін  «Bridge Tv Qazaqstan» -ның әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылып, барлық жаңалықтарын қалт жібермеу қажет! Ендеше карантиндегі уақытыңызды музыкалық арнамен бірге өткізіңіз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close