Кино & Театр

Пусан халықаралық кинофестивалі: Азат Сейтметов үздік актер (фото)

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивалде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейтметов  кинорежиссер Асқар Ұзабаевтың «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен жылдың үздік актері номинациясында жеңімпазы атанды. 

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық кинофестивальде Азат Сейтметовтің үздік актер атануы — қазақ киноматеграфиясының жеңісі.

«Қазақстан» Ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген режиссер Асқар Ұзабаевтың «Әке» телехикаясы – әлеуметтік драмасы өмірдің, тұрмыстың ауыр кезеңдерін бастан кешіретін отбасы туралы баяндайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Әке» телехикаясы қазіргі кезде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетілуде. 

594a547854d3ef7044c39174cc2a909b-1000x700

0a28977138adc67c33a9f2e596372aa6-700x397

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close