Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & ТеатрМузыкаСараптамаларСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Батырхан Шүкеновсіз бес жыл!Әріптестері әншіні еске алды

Майталман музыкант Әли Оқаповтың өмірінде қандай орын алды? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Иә, осыдан бес жыл бұрын, 28 сәуірде майталман музыканттың жүрегі соғуын тоқтатқан еді. Өнер иесі «Отан ана» деп елі жайлы жырлағанымен, мәңгілік мекеніне Мәскеу қаласынан аттанды. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманы әншіге тағзым етіп, шоу-бизнестегі әріптестірі жылы еске алуда. Әнші егер тірі болса, 58 жасқа аяқ басар еді.

«Менің жүрегімде ізін қалдырғаны — оның адаммен сөйлесуі. Кішкентай бала болсын, музыкант, үлкен кісі, қазақ, орыс, шетелдік азамат болсын қай-қайсысымен де тіл табыса алатын. Сіз қай тілде сөйлесесіз, сізбен сол тілде әңгімелеседі», — дейді Ренат Гайсин.

Иә, Батырхан Шүкенов тек музыканттармен ғана емес, тарихшы, математик, басқа ғылымның маманымен де тең дәрежеде тілдесе білетін талант иесі болғанын талай әріптестері жақсы біледі. Ал Ренат Гайсин өнердегі ағасы өмірден озғанымен, артында өлмейтін әні мен шәкірттерінің қалғанына қуанады.

«Музыкант болу, әнші болу деген бір бөлек. Бірақ адам болу, адами қасиет көрсету, ағалық парызын, ұстаздық парызын білдіру мен үшін үлкен бір мектеп болды», — дейді Гайсин.

Оқапов та талай рет Батырхан Шүкеновпен шүйіркелесіп, баға жетпес кеңесін тыңдаған бақытты жан десек артық емес. Музыканттың біреуге аға, енді біріне іні, тіпті кейде әкедей қамқор бола білгені Әлидің мына әңгімесінен байқалады.

«2007-2008 жылдары, мен мектеп бітірер кезде Батырхан ағаммен ақылдасу үшін студиясына барғанмын. Ол кезде Панфилов көшесінде студиясы болған. Мектеп бітірдім, қайда барайын, қайда оқуға түсейін, не жасайын, әрі қарай не істеймін деп кеңес сұрадым», — дейді Әли Оқапов.

Иә, дәл осылай алдына ақыл сұрап барған інісін дарын иесі жылы қабыл алып, бірден қандай мамандықты жаны қалайтынын сұраған көрінеді.  Әлидің таңдауы нақты бір салаға түскенде Батырхан Шүкенов, бар көмегін аямайтынын айтыпты.

«Сен кім болғың келетініңді өзің шешіп ал. Бір бағытты таңдағаннан кейін Мәскеуге барсаң да, Лондонға барсаң да, ол жақтарда таныстарым бар, көмектесеміз» деп шығарып салды», — дейді Әли Оқапов.

Иә, Қазақстан мен Ресей еліне еңбегі сіңген өнер майталманының есімі елеусіз қалмайды. Қос мемлекеттің шоу-бизнес өкілері бас қосып, әркез әншіні еске алу кештерін беріп жүр. Бүгінде елімізде Батырхан Шүкенов атындағы конкурс та кең етек жайған. Аталмыш байқау биыл 11 мамырда әншінің туған күнінде, кіндік қаны тамған Қызылордада шымылдығын түрмек.

«Мына әндердің бәрін Батырханның орындауында тыңдап үйренгеннен кейін біреудің айтқанына баға беру өте қиын екен. Ол дұрыс па, бұрыс емес пе білмеймін, бірақ ең ауыры сол екен», — дейді Бауыржан Шүкенов.

Бүгінде Қазақстанның әр жерінде әншінің құрметіне ескерткіш орнатылған. Одан бөлек өнердегі әріптестері арнайы қор ашып, ән жинағын да шығарып үлгерді.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close