ЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаӘнші

Ақбота-Нұр Айдаркуловтың бұрынғы отбасындағы балалары жайлы тың мәлімдеме жасады

Актер Айдаркуловтың екінші жары атанған әнші қос некеден тараған балалардың ұқсастығын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Айқыннын қос некесіндегі ұл-қыздары әрдайым бір шаңырақ астында жиі жүздеседі. Төлепберген де төрт баласының қатар жүрген бейнежазбаларын желіге жүктеуден жалыққан емес. Ал, әншінің жары Жұлдыз бір әкеден тараған балақайлардың татулығымен мақтанды.

«Иә, екеуі де аға, Аңсарды «Аңар» деп жүреді, Асылымды да «Аңа, Аңа» деп. Сол ағасын жақсы көреді. «Аға» деп жүреді, Аңсар да Санжарды інім деп құшақтайды, сүйеді», — дейді Жұлдыз Өмірғали.

Иә, Айқынның алғашқы отбасындағы перзенттері әкелерінен алыстамауға бекінген. Балалардың аналары бөлек болса да, олар бір-біріне бөтендікті сезінбейді. Тіпті, Төлепбергеннің жас келіншегі тұңғышы Аңсар мен кішісі Санжардың болмысындағы ұқсастықты байқағанын айтады.

«Ұқсайды, қазір Аңсарды көрсеңіздер, саусағымен бір нәрсені көрсетеді ғой,  міне былай тұрады. Санжардың да саусағы дәл осындай мен түсінбеймін: «Мына баланың саусағына не болған?» , -деп. Саусағы ортасынан майысады. Мен олай жасай алмаймын, Айқын өйтпейді  және бір күні Аңсардыңкын де көрдім. Саусақтары ұқсайды», — дейді әнші Жұлдыз.

Бұл жағдай актер Айдарқұловқа да жақсы таныс. Еске сала кетейік, екі шаңырақтың асыраушысы атанғанәртістің алғашқы одағынан 3 перзенті болса, ал одан кейінгі некесінен екі баласы бар. Ал, Ақботаның айтуынша Дәуреннің ұлдары ұқсас болғанымен, қыздарының мінездері тым бөлек.

«Енді әкелері бір болғаннан кейін конечно ұқсайды характерлері де келеді. Бізде әсіресе Ибрахим, Дәуреннің бірінші баласы Абдурахман мен Ибрахим қатты ұқсайды. Бұзықтықтары, көп сөйлейтіндері, шустрыйлықтары, умныйлықтары, бастары қатты істейді. Екеуі роботты болсын бәрін шашады. Ал қызымыз әлі кішкентай, ол басқаша секілді, өйткені үндемей отырды да, бірақ өзіне керекті кезде жалп ете қалады», — дейді Ақбота-Нұр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close