Жайдарман

Астана қаласы әкімінің кубогын қостанайлық жайдарманшылар жеңіп алды

16 қыркүйек күні Жайдарманда Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен дәстүрлі Астана қаласы әкімінің кубогы ойнатылды.

Қатысушы командалар арасында тек тәжірибелі топтар емес, жас құрамалар, түрлі республикалық лигалардың жеңімпаздары, сонымен қатар көршілес Қырғызстаннан келген «Ала-Тоо» құрамасы бар. Фестиваль форматында өткен ойын биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр.

Жайдарманшылар бүгінгі ойында еліміздегі соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді тілге тиек етіп, сапалы ойын көрсетті. Әсіресе латын қарпіне көшу, Экспоның аяқталуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы жиі айтылды. 16 команданың ішінен «Жаңа ғасыр», «Қыз Жібек», «ІТ» командалары әділ қазы алқаларының жоғары бағасы мен көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Сайыс нәтижесі бойынша «Үздік ойыншы» номинациясы «Ала-Тоо» командасының ойыншысы Айбек Бектеміровке табысталды. «Қыз Жібек» командасы 3-орын мен 200000 теңгеге ие болса, 2-орын Талдықорғандық «Шапалақ» командасының қоржынына бұйырды, олар 300000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал ойынның басты сыйлығы Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 миллион теңгені «Жаңа ғасыр» командасы ұтып алды. Жеңімпаздарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев марапаттады.

Қатысушылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында танымал тележүргізушілер Берік Уәли мен Асхат Садырбай және Дана Нұржігіт, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен секілді тұлғалар болды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close