ЖайдарманЖаңалықтаржоғарыШоумен & Тұлға

Есен Елеукен: «Тұрсынбекке барғандар маған келмесін! «

Көпшілікті әзілімен сусындырған екі майталман арасында біраз жылдар аралығын қамтыған түсініспеушілік бар екен. Бұл туралы «Talk like» бағдарламасына сұхбат берген Тұрсынбек Қабатов айтты деп хабарлайды «Жұлдыздар әлемі» порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Есен екеуміздің арамызда 2005-тен бастап келе жатқан түсінбеушілік бар. Оны Есеннің өзі де біледі, оның үндемей жүргені де сол, менің де КТА-мен айналысып жүргенім сол. Бұл жерде баяғы бразилиялық кино сияқты басқаша әңгіме, балалықтың әңгімесі», — дейді әзілкеш.

«Есен ол кезде Шымкентте «Көз тимесін», «Өзіміздің жігіттер» командаларына жетекшілік етіп жүрді. Сол кездері өзім жүргізем деген де ой болған. Төлеген аға айтты: — Астана қаласынан команда жоқ, «Аграрка сарбаздары» шықпаса, кім ойнайды? Әзірге басқа біреуге бере тұр, жүргізсін. Алдағы уақытта көре тұрарсың, — деді. Мен Есенге звондап: — Лига ашайын деп жатырмыз, сен жүргіз, қысылма, бастайық, — дедім. Ол келісті», — деп бастамасын еске алды Қабатов.

Бұдан кейін КВН лига ойындары өз жұмысын бастап, кең танымалдылыққа ие бола бастаған. Күндердің күнінде Тұрсынбек Есен Елеукенмен де сөзге келіп қалған. — Мәскеуде КВН-нің қызып тұрған шағы еді, — дейді Тұрсынбек. 

«Сосын мен қазылар алқасында отыратын болдым. Тренингтар жүргізем. Мені үнемі шақырып тұратын, командалармен кездесемін. Сөйтіп жүрген кезде мені ақырын-ақырын шетке ысырып, әрі қарай өзімен өзі қазақша КВН болып, одан әрі қарай «Нұр Отан» партиясымен жұмыс істеп, дамып кетіп қалды», — дейді Тұрсынбек. 
2010 жылы театр ашқан кезінде Қабатов тағы да КВН лигасын ашуды ойлаған. Алайда Есағаң өзіне бәсекелес болмауға өтініш жасаған көрінеді. Ол кезде де Тұрсынбек ойынан айныған. 

«Күндердің күнінде жеке орындаушылардан «Көңілашар» атты бағдарлама істейтін болдым. Украинаның режиссерлерімен келісіп қойдық. «Қазмедианың» іші дайын. Есен Елеукенмен, бәрімен келісіп, «Жайдарманның» балаларымен келісіп, ол жігіттер келетін болып… Кастинг жасадым, 20 шақты балалар алып келдік.

«Жайдарманнан» 30 шақты жігіт келетін болды. Ойымда ештеңе жоқ, мәз боп жүрген кезде Есен балаларға звондап: — Кімде-кім Тұрсынбекке барады, «Жайдарманға» келмей-ақ қойсын, — депті. Менде 20 бала бар, «Жайдарманнан» ешкім жоқ. Сол бағдарламам күйді. Қашып, тыңдамай келген Нұрболхан, Асылхан, Мейіржан сияқты 4-5 бала келді. Сөзінде тұрып, азаматтық танытып… 

Бұл жерде Есенге ренжігенім емес. Менде әлі талай бағдарлама болады. Қашанғы жібере ме екен, жоқ па деп ойланып жүрем. Айналдырған елімізде 30 шақты талантты бала бар. Ертең кино түсірем, сериал түсірем, сол кезде осылай жалтақтап отырам ба? Одан да өзімнің лигамды ашайын дедім. Бірінші жылы 14 шақты команда келді», — дейді Қабатов.  

Бүгінде Тұрсынбек Есен екеуінің сәлемі түзу екенін, оған ешқандай реніші жоқ екенін айтады

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close