InstaNewsЖайдарманЖаңалықтарШоу бизнес

«Мен мама болдым, мама!» КВН жұлдызы ана атанды!

Қалың көпшілікке КВН сахнасы арқылы танылған Мереке Қалбаева тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Жайдарман жұлдызды ана атанды. Мереке Қалбаева жанұясындағы жағымды жаңалықты әлеуметтік желі арқылы жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұраған.

«Мен мама болдым, мама! Әрсен Әкиев әке! Аллаға шүкірден басқа не айтасың? Ойбай-ай, «жаның қалсын» деген сөздің мағынасын үш сағат алдын түсіндім. Рахмет баршаңызға. Түрі кімге ұқсаған деп ойлайсыздар?», — деді жас ана инстаграм парақшасында.

Актрисаның айтуынша, кішкентай ханшайымның өкіл анасы – әнші Гүлнұр Оразымбетова, өкіл әкесі мәртебесі Жандос Самалбеков есімді КВН ойыншысына бұйырған.

Санаулы минуттан соң, әке атанған Әрсен де қызы жайлы желіге жантебірентерлік жазба жүктеді.  

«Сүйнші! Аллаға сансыз шүкір! Алланың қалауымен бөпенің бөпесі дүниеге келді. «Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын» деген тіркестің төркінін енді түсінгендеймін! Не жазарымды да білмей отырмын! Аллаға сансыз шүкір дегеннен басқа сөз келмей жатыр.
Жақсы әйелдің белгісі бірінші дүниеге келген перзенті қыз болады деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алтыным, рахмет саған! Бәріңізге ата-ана бақытын тілеймін», — деді Мерекенің жолдасы.

Айта кетейік, ғаламторда өте танымал жұлдызды жұптың жас айырмашылығы кезінде талай қызу талқыға түскен еді. Мереке Қалбаева отағасы Әрсеннен алты жасқа үлкен. Десек те, ерлі-зайыптылар махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеуден шаршаған емес. Бөбектің бауы берік болсын!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close