Жайдарман

Жайдарман ойындары жаңа маусымды бастады

30 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Жастар» сарайында Астана қалалық біріншілігінің «Маусымашар-2017» фестивалі өтті.

30-31 наурыз күні өткен редакторлық жұмыстар  нәтижесінде барлық қатысқан 40 команда арасынан дайындаған материалдарының сапалылығына қарай гала-концертке редакторлар мен ұйымдастыру алқасы 20 команданы іріктеп алды.

Сонымен қатар, фестиваль қорытындысы бойынша Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігіне қатысуға  19 командаға жолдама берілді.

Фестивальдің редакторлық жұмыстарын «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Бас редакторы  Рүстем Елжанов және редактор Бекзат Дүйсенов жүргізді.

Сәуірдің 1-і күні «Күлкі күніне» дөп келген фестивальдің гала-концертін «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Астана КВН» филиалының  редакторы — Жандос Самалбеков жүргізді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close