Жайдарман

Астаналықтар жайдарман ойындарынан қала чемпионын анықтамақ

20 қараша күні Астанадағы «Жастар» сарайында Жайдарман ойындарының қалалық чемпионатының финалы өтеді. Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласпақ.

Ойынның мақсаты – Астана қаласының жастары арасында қоғамдық жұмысқа деген белсенділігін арттырып, мәдени шараларға деген құлшынысын арттыру. Сонымен қатар жекелеген жайдарманшылардың бойындағы қабілетін ашып, шығармашылық шабытын ұштау, жұрт алдына сөйлеуге баулу. Осы арқылы жастардың лидерлік қабілетін арттыруға ықпал ету.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан сайысқа Астана қаласы Жастар саясат басқармасы қолдау көрсетіп келеді.

Анықтама үшін:

Сайысқа қатысатын командалар:

  1. «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  2. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  3. «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  4. «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  5. «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы

Ойын сағат 17:00-де басталады.

Сайысты «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Бас редакторы Рүстем Елжанов жүргізетін болады.

Ескерте кетейік, ойынға кіру тегін. Сонымен қатар, жоғары лиганың танымал командалары да өнер көрсетеді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close