ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Бердібек Құлғараев «Abu Tv Song» фестиваліне қатысады

Биыл Қазан айында Индонезия аралының Бали қаласында ABU TV Song фестивалі 5-ші рет өтеді. Қазақ елі былтыр алғаш рет қатысып, біздің еліміздің атынан Димаш Құйбергенов қатысқан болатын. Фестивальде Азия-Тынық мұхиты одағының 50-ге жуық елдердің ассамблеясы қатысады.

Биыл біздің елімізден Қазақстан Мәдениет және Спорт министрінің қолдауымен танымал әнші Бердібек Құлғараев қатысады. Әлемдік деңгейдегі фестивальге Бердібек Құлғарев тыңғылықты дайындалып жатыр, орындаушы қазір ән таңдау үстінде.

Естеріңізге сала кетейік Бердібек Құлғараев  “Нота по Нота”, “Талисман удачи”, “Возрождение”, “Паланга 2012” халықаралық байқауларының жеңімпазы, “Қазақстан дауысы” жобасының финалисті, “Славян базары” халықаралық байқауының 4 орын иегері және “Мир” арнасының арнайы сыйлығының иегері, “Дауыс KZ” тобының экс-әншісі.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close