Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Спортшылардың допинг қабылдағандары дәлелденсе, жазаланады

Халықаралық Ауыр атлетика қауымдастығы интернеттегі парақшасында Халықаралық Олимпиада комитеті жолдаған ақпарды жариялады.  Онда 2012 жылы Лондон Олимпиадасында топ жарған спортшылардың тыйым салынған дәрмекке қатыстылығы қайта тексерілгенде алғашқы нәтижелердің расталғаны айтылады.  Яғни Светлана Подобедовадан алынған сынамада Stanozolol ізі табылған.  Мая Манеза мен Зульфия Шиншанло да сондай күдікке ілініп отыр.  Тізімде екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де бар.  «Тек қана қазақстандықтар емес, ресейлік Апти Аухадов пен әзербайжан спортшысы Боянка Костова, Беларус ауыр атлеттері Дина Сазановец пен Маринка Шкерманкова және украиналық Юлия Калина да қанынан да тыйым салынған дәрмек байқалды», – делінген ресми парақшада.  Халықаралық Ауыр атлетика қауымдастығының ережесіне сай аталған спортшылар уақытша жарыстардан шеттетіледі.  Допинг қабылдағандары дәлелденсе, жазаланады. Нақақ айып тағылса, ақталады.

Дереккөз: Khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close