ЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Мұхтар Шаханов: «Оншақты жазушы ғана ұлттық мүдде күресінде бізбен бірге»

Белгілі ақын, драматург Мұхтар Шаханов «Алматы» арнасының «Өткір тіл» бағдарламасында қонақта болып, қазіргі жазушылар жайында өз пікірін білдірді — деп хабарлайды juldyz-alem.kz

«Қазіргі кезеңде спорттың және жеңіл әндердің бірінші орынға шығу себепті шындық керек болмай қалды, көп жағдайда ақты ақ, қараны қара-деп айта алмаймыз. Осыған байланысты мен жаңа ұстаным жарияладым: Кім шындығын жоғалтып алса, кім ақты ақ, қараны қара-деп айта алмаса, сөзі басқа, ісі басқа болса және елдік, ұлттық мүддеге тамыр жібере алмаса жүз жерден үлкен жазушы болсын, үлкен ақын болсын, үлкен ғалым болсын, үлкен саясаткер болсын, оның құны көк тиын.

Мәселен Қазақстан жазушылар одағының 800-ден астам мүшесі бар екен, 800 мүшенің 10 шақтысы ғана елдік, ұлттық мүдде күресінде бізбен бірге екен. Ал қалған жазушылар өлеңді де жазады, мақаланы да жазады «ұлтты сақтауымыз керек, елді сақтауымыз керек, рухани құндылықтарымызды сақтауымыз керек, сол үшін күресуіміз керек»-деп айтады да, іске келгенде столдың астына кіріп кетеді. Яғни сөзі басқа, ісі басқа адамдар қаптап кетті.»-дейді Мұхтар Шаханов.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Оныныз рас… Шындыктын кок тиыны болмай тур гой. Халыктын кози, кулагы осы жазушылар мен акындарда емес па?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close