Басты жаңалықтарТелерадио

Қысқы медиа-мектеп: «Бұл – мектеп, бұрынғы мектептен өзгерек». 

Иə, өзгерек! Себебі бұл жерде шеберлік сағаттарын қатардағы ұстаздар емес, өз мамандығының майталмандары өткізеді. Бұл — əл-Фараби атындағы Ұлттық университтетегі журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ІІ халықаралық журналистика жəне коммуникация қысқы мектебі.

10376024_734143390016826_957319720500618005_n

Қырғыз елі, Жүсіп Баласағұн университетінің доценті, журналист Аита Сұлтаналиева дәріс берсе, Әзербайжан елінен келген Бюлбюл: «Келгелі бері қазақ және қырғыз медиасын жаңа қырынан таныдым» дейді. Оған себепкер болған біздің дәріскерлермен қатар осы Аита ханым.

Сыр елінің жастары. Қорқыт ата университеті журналистика мамандығы бойынша білім  алып жүрген студенттер биылғы шарамыздың ең белсенді жастары тобы.

Ақыл ойдың алыптары, қоғамдық ойдың көшбасшылары болып жүрген Қанат Әуесбай, Мұрат Әбенов, Мұхамедәлі Бұқарбаев, Нұрсұлтан Құрман, Тимур Сержанов, Серікқазы Кәкiбаланов, Жалғас Ертай сынды нағыз кәсіпқой журналист, тілші, жүргізуші, блогер майталмандарынан алған шеберлік-сыныптары жас журналистердің алда пайдаланатын азығына айналмақ.

Мұрат Әбенов: «Əр журналисттің өзінде цензура болуы керек. Өзінің нені жазып, нені жазбайтынын саралап алған дұрыс. Мен, мысалы, өз бағдарламамда, пікірлерімде ұлт татулығына, елдің бірлігіне нұқсан келтіретін ақпаратты жарияламаймын. Себебі ол мен өмір сүріп отырған қоғамның тыныштығын бұзады».

10984886_10204732166438958_731962415_n

6- 8 ақпан 2015 жыл

«Тау-Тұран», Алматы облысы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағы, Белбұлақ шатқалы, Алматы қ. 30 шақырым

 

БЕДЕЛДІ! ШЫҒАРМАШЫЛ! ТАНЫМДЫҚ!

Асқар Алатаудың етегінде, таулы қыраттар мекенінде, «раушангүл самалы» құшағында ұмтылмайтын 3 күн: қайталанбас smart-тренингтер, журналистер аға буының жастармен  кездесуі, on-line дәрістер, «серпінді» зияткерлік байқаулар,  көрмелер, таныстырылымдар, ауидомесседждер!

Мәдени-танымдық бағдарлама және зияткерлік ойындар! ОТШАШУ!!!

   ҚЫСҚЫ МЕКТЕП МОДУЛЬДАРЫ:

№ 1 модуль — «Газет жаңалықтарын дайындау бизнесі» 

№ 2 модуль — «Әлеуметтік медиа-конвергенция»

№ 3 модуль — «Баспа және электронды медиамикс»

№ 4 модуль — «Медиавизуализация: Фото. Видео. Аудио»

№ 5 модуль — «Digitalmedia контент-маркетинг нарығы» 

Ұйымдастырушы: «Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер  ғылыми орталығы

Демеушілер: ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті, Алматы қаласы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  «ТҰРАН» университеті, «Бас редакторлар клубы» Қоғамдық бірлестігі, «Қазақ университеті» Баспа үйі.

Салтанатты ашылу қонақтары мен қатысушылар: БҰҰ өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының басшылары, танымал отандық және шетелдік медиа-дәріскерлер мен медиа-шеберлері,  беделді  ұлттық, халықаралық, орталық және аймақтық  БАҚ, баспа, медиа-холдинг журналистері, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ қызметкерлері.

ІІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі аясында :

— танымдық көрмелер: жетекші академиялық «Қазақ университеті» баспа үйінің «Масс-медиа» топтамасындағы оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер кітап көрмесі;

— дарынды жастардың қатысуы: Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдеп оқытатын орта мектеп-интернаты «Журналистика» курсының оқушылары, Қазақстан, Еуропа, Орталық Азиядағы ұлттық және  мемлекеттік  жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, PhD докторанттары.

— ҮЕҰ-серіктестер:  «Бас Редакторлар клубы» ҚҚ; әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Сұңқар» студенттік кәсіподағы.

— үздіксіз медиа-қолдау: фото-сессиялар, әл-Фараби ат. ҚазҰУ
М. Барманқұлов ат. Телерадиокешені, орталық-азиялық БАҚ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close