СұхбаттарӘнші

Серік Ибрагимов: «Жуырда лирикалық әндер орындауым мүмкін…»

Порталымыздың блиц-сұрақтарына Серік Ибрагимов те жауап берді. Шоу-бизнес әлеміне енді қадам жасап жатса да, суырылып шығып, жарқырап шыға келген Серік те шоубизге жаңа леп әкелген жас. Сұхбат барысында, «Жұлдызды өмірге» деген көзқарасын білдіріп, алдағы уақытта лирикалық баяу әндерді орындауға ниетті екенін де айтты.

Серік Ибрагимов

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жыл жаңалығы атағын алдыңыз, Қазақ шоу бизнесіне қандай жаңалық алып келдім деп ойлайсыз?

– Менің негізгі мақсатым жаңалық алып келу емес. Өзімнің бойымдағы өнерді халыққа көрсету, біздің жасаған еңбегімізді, өнерімізді бағалап жатса, ол  біз үшін қуаныш, біздің ары қарай жұмыс жасауымызға шабыт береді.

– “Жұлдыз” деген ұғымды қалай түсінесіз?

– “Жұлдыз” дегенді аспанда тұрған жарқырап тұрған жұлдыз деп түсінемін. Біздің үлкендер, ата-аналарымыз «жарқыраған жұлдызым, құндызым» деп еркелетеді, сондықтан сол жұлдызға теңейді, жұлдыздай жарқырап жүр дейді. Менің түсінігім осы.

– Өзіңізді “жұлдызбын” деп санайсыз ба?

– Мен өзімді жұлдызбын деп санамаймын. Жаңа айттым жұлдыз тек қана аспанда, жұлдыз жарқырып сәулесін шашып тұрады. Сондықтан мен ешқандай да жұлдыз емеспін, жай ғана адаммын.

Серік Ибрагимов

– Басқа әншілерден ерекшелігіңіз қандай?

– Басқа әншілерден ерекшемін деп айта алмаймын,себебі әншілердің барлығы халыққа жақсы ән ұсынғысы келеді,сондықтан мен де осы бағытта жұмыс жасап келе жатқан жас әншімін,менің ерекшелігімді халық білетін шығар,ал мен халықты жақсы әндеріммен қуантқым келеді.

– Сіздің орындауыңызда баяу, лирикалық әндерді тыңдай аламыз ба?

– Продюсерім Алтынбек Рахметов ағамызбен ақылдаса келе, жуырда лирикалық әндер орындауымыз мүмкін. Бірақ ол уақыттың еншісінде деп ойлаймын. Бізден жақсы жаңалықтар күтіңіздер!

– Сахнадағы Серік пен өмірдегі Серіктің айырмашылығы бар ма?

Серік Ибрагимов

– Негізі, менің ойымша, өнер адамы болсын, жай адам болсын, айырмашылық болмау керек. Егер екі жақта екі түрлі болсаң, маска киіп, екіжүзді болумен тең ғой. Өнер адамы бір кезде ғана «маска» кию керек секілді. Қанша жерден ауырып тұрсаң да, өміріңдегі бір жағымсыз сәттер болса да, көрермен алдында білдіртпеуің керек. Өйткені олар сенің өнеріңді тамашалап, демалуға келді. Сәйкесінше сен де олардың көңілінен шығуға тиістісің. Өнер адамының мықтылығы сонда көрінеді деп ойлаймын.

– Продюсеріңізі жаңа жобаны қолына алды, продюсеріңіз жаңа жобамен айналысып жүріп, сізді ұмытып кетеді деген қорқыныш жоқ па?

Серік Ибрагимов пен Алтынбек Рахметов

– Менің продюсерім Алтынбек Рахметов жеті рет өлшеп, бір рет кесетін адам. Сондықтан мен де ондай ешқандай да қорқыныш жоқ. Қайта өнер отбасымызға тағы бір талантты бауырымыздың қосылып жатқанына қайта мен қуаныштымын. Ардақ Әлкешев – керемет дауыс иесі. Онымен бірге үлкен белестерге жетуге ниеттіміз, сенім мол.

– Соңғы жаңалықтарыңыз және алға қойған мақсаттарыңыз қандай?

– Соңғы жаңалықтарымызды өздеріңізде біліп жүрген шығарсыздар. Құрманай Бахтиярқызының сөзіне жазылған, Ғалымбек Исмбергеновтың әні “Жаяу” атты әнге бейнебаян түсірдік. Қазіргі таңда бұл бейнебаян барлық арналарда айналымда. Сонымен қатар, сіздердің порталдарыңыздан осы бейнебаян арқылы жақсы орындарға шығып жүрміз, үнемі алдыңғы қатардан көріндік. Қуаныштымыз, сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Мен секілді тәй-тәй басып келе жатқан жастарды қолдап жатқандарыңызға, сіздерге үлкен рахмет.

Тағы бір айта кететін жағдай, жақында ғана “Сағындырған әндер-ай” ретро концертінде “КешYou” тобымен  тобымен бірге “Қияли қыз” әнін өзімізше жаңа бір стильде орындап шықтық. Осындай көптеген жаңалықтарымыз бар. Жалпы алға қойған мақсатымыз өте көп.  Қазір оны айтып, біз осындай нәрсе жасаймыз деп жар салғаным жарамас, уақыты келген кезде біле жатарсыздар. Біздің қуанышымызбен бөлісе жатарсыздар деген ниеттеміз, сіздерге үлкен рахмет. Жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

– Сізге де көп рахмет!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close