Басты жаңалықтарПродюсерСұхбаттар

Алтынбек Рахметов, продюсер: «Халықтың көзқарасымен санасқан продюсер алға шығады»

Біраз жастың қанатын қақтырып, топшысын қатайтқан продюсердің бірі — Алтынбек Рахметовке «Жұлдыздар әлемі» тілшісі бірнеше блиц-сұрақ қойған болатын. Қысқа-нұсқа жауабында Алтынбек мырза біраз мәселеге өзінің көзқарасын білдіріп үлгерді.

Ж.Ә: Алтынбек аға, Серік Ибрагимовтен бұрын Еркін Мәуленге продюсер болғаныңыз жұртқа мәлім. Ел арасында Еркін Мәулен мен Алтынбек Рахметовтың арасынан қара мысық өтіпті деген сыбыс бар, бұл қаншалықты рас?

А. Рахметов: Қоштастық, Еркін қанаты қатайғаннан кейін ұясынан ұшқандай балапан болды. Бірақ қазірдің өзінде оған көмектесіп жүрмін. Қазақ қаншалықты ырымшыл халық болса да, мен ондай қара мысықтың жолымды кесіп өткеніне ешқандай көңіл бөлмеймін. Өйткені ол өз бетімен кетіп бара жатырған жануар. Еркін екеуіміздің арамыздан ешқандай мысық өткен жоқ, ешкім кедергі болған жоқ. Біз ағалы-бауыр болып араласып тұрамыз!

Ж.Ә: Білікті маман ретінде сізден сұрасам, әншінің аз уақыт ішінде мол табысқа жетуінің сыры неде деп ойлайсыз?

А. Рахметов: Бұл біріншіден кәсібилікке байланысты, екіншіден халықтың сұранысына байланысты, үшіншіден мен, мен деп өзімшілдігіңді көрсетпей, халықтың құлағымен тыңдап, халықтың көзқарасымен санасқан продюсcердің жобалары алға шығады деп ойлаймын

PRINT 05

Ж.Ә: Өнердегі балаңыз Серік Ибрагимов жастар арасында сұранысқа ие әншілердің қатарынан. Серікті қанша еңбекқор дегенімізбен, оның жетістіктерге жетуіне сіздің де сіңірген еңбегіңіз көп. Болашақта басқа да талантты жастарға қолдау көрсетіп, басқа таланттардың да продюсері болу ойыңызда жоқ па?

А. Рахметов: Тағы бір бұлақтың көзін ашатындай уақыт келген секілді, жаңалық күтіңіздер… (расында да, осы сұхбаттан соң көп кешікпей Алтынбек мырза Ардақ Әлекешов есімді талантты таныстырды -Ж. Ә.)

Ж.Ә: Қазіргі  әріптестеріңізге көңіліңіз тола ма?

А. Рахметов: Олардың бәрі өзімнің әріптестерім, әр продюсердің өзінің бағыты бар. Сол бағытта олар дұрыс жұмыс жасап келе жатыр. Ондай мамандардан менің үйренетінім көп, дегенмен олардың менен үйренетіні жоқ шығар. Мен жас продюсермін, бірақ нәтиже болғандықтан, солардың қатарынан екеніме қуанамын. Біраз продюсерлермен ара-қатынасымыз өте жақсы. Жалпы бізде көп емес қой,  бес-алты продюсер. Сол бес-алтауының өзі бір қолдағы бес бармақтай жұдырықтарымызды түйсек, қазақ эстрадасының деңгейі көтеріледі деп ойлаймын.

Ж.Ә: Үйлі-барандысыз, бірақ көп уақытыңызды Серіктің шығармашылығына арнайсыз. Кейде балаларыңыз: “Папа, бізге де көңіл бөліңізші” деген кездері болған жоқ па?

А. Рахметов: Балаларына көңіл бөле алатын адам ғана басқа да жұмыстарына көңіл бөле алады. Егер балаларыңа көңіл бөле алмасаң, өзіңнің жұмысың да шықпайды, екі жақта бірдей болу керек. Әр жобаларың өзіңнің балаларың секілді. Ссондықтан мен өзімді көп балалы әке деп санаймын. Өзімнің үш қызым, екі ұлым бар деп ойлаймын, туған ұлым Ескендір және Серік Ибрагимов.

Ж.Ә: Қоғамға продюсер емес, қарапайым адам ретінде қарап көріңізші, сізді не толғандырады?

А. Рахметов: Осы қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, өзімді қоғамнан тыс адам ретінде санамаймын. Қоғамда болып жатқан өзгерістер тек қана қазір өзімді адам ретінде де, қоғамның мүшесі ретінде де толғандыратын мәселелер менде жоқ деп те айтуға болады. Аллаға шүкір отанымыз тыныш, ешқандай соғыс жоқ, екі қолға күрек табылатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Тек қана жалқаулар ғана өзін өмір жаман деп айтатындай қағиданы ұстап алған секілді. Сондықтан қазір жалқаулардың кезеңі емес, екі қолға бір күрек тапқан азаматтардың кезеңі деп ойлаймын!

Ж.Ә: Әңгімеңізге көп рахмет, сәттілік тілеймін!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close