ЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнес

«Әр кезде әрқалай» Еркебұлан Дайыров Отандық фильмдердегі кастингтер құпиясын ашты

Актер Дайыров кинодағы рөлдер қалай таңдалатынын «Карантиндегі жұлдыз» жобасында көпшілікке жайып салды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Иә, бұл – Еркебұлан Дайыров. Танымал актердың «әуелеткенін» көріп әншілікке бет бұрды деп ойлауыңыз орынды. Бірақ отандық эстрададағы орындаушыларға оның бәсекелес болу ойында да жоқ!Анда-санда «әу» дейтіні бар. Бұл жолы карантиндегі көпшіліктің көңілін көтеру үшін, тікелей эфирде жұртпен жүздесуді жөн көріпті. Халықпен қашықтан қауышқан өнер иесінің көрерменге айтары жалт-жұлт еткен жұлдызды өмір немесе жеңіл-желпі әндер жайлы емес, ол актерлық мансабының қыр-сырымен бөлісуге бекінген. Әңгіменің әлқисасын өзі сомдаған Бауыржан Момышұлының образынан бастады.

Шын мықтыға оңы мен солы бір! Айтпақшы, бұл жігітке «Балуан Шолақ» образы да бұйырды. Әр кейіпкерін сәтті сомдауға тырысатын талант үшін, әйгілі әнші әрі қара күш иесінің кейпіне ену оңайға соқпаса керек. Жұрт алдындағы жауапкершіліктің жүгін арқалаған актер, жанкештілікке барғанын айтады.

“Әрбір кинодағы рөл – өзіңнің ішіңнен шыққан балаң сияқты ғой. Барлығында да бір құрбандыққа барасың. Денсаулығың бар, сырт бейнең бар. Жаңағы Балуан Шолақтағы 15 кг-ды 1 айда қосып алып, оны көтеріп жүру оңай шаруа емес екен. Ол бар, одан кейін мынау Ресейдің  бір жобасы Батыс Сібірде, Тобыл жақта түсірілді. Бізде көктем, ол жақта әлі қыс, белуардан қар, аяз. Ал менің шашымды тақырлап қырып тастаған, солай жүріп ойнауға тура келді”, — дейді актер Еркебұлан.

Дайыровтың фильмографиясындағы бейнесі тек тарихи тұлғалармен шектелмейді. Өнерпаз отандық заманауи киноиндустрияның өркендеуіне де өз үлесін қосып жүр. Мәселен, Нұртас Адамбайдың «Тараз» картинасында жүректі жігітті сомдаса…

Жуырда ғана қаракомедия жанрында жарыққа шыққан «Жаным, ты не поверишь» кинотуындысындағы образы тіпті бұрынғыдан өзгерек.

Әр кезде әрқалай болып жатады. Кей кезде актердің табиғи болмысына қарай беріледі рөл, кейде актердің сан қырлы шеберлігіне байланысты болып жатады. Бұл жерде бірін-бірі қаншалықты таңдайтын жайы барын білмеймін. Бірақ бізге қойылатын бірінші талап: Пілден тышқанға, тышқаннан пілге айнала алу. Сондықтан берген рөлді таңдауға біздің хақымыз жоқ. Берілген рөлді халықтың жүрегіне жеткізетіндей қылып шығаруға тырысамыз”, — дейді Дайыров.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close