ЖаңалықтарМузыкаӘнші

KZ тобы қайта құрылмақ па?

Кезінде дуэт құрамында ән салған Бейбіт Көшқалиев пен Рүстем Нұржігіт «Карантиндегі жұлдыз» жобасында қайта бас қосты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

2003-те отандық шоу-бинестің көшіне қосылған KZ тобы, араға он жыл салып жобаның жұмысын тоқтатқан еді. Сол сәттен бастап Рүстем мен Бейбіттің басы қосылған жоқ. Біраз уақыт бір-бірімен байланысын үзген ескі достар, карантин кезінде қайта қауышты. Бүгінде жеке шығармашықты шыңдауға білек сыбана кіріскен Көшқалиев пен Нұржігіт, бұл жолы нағыз ностальгияға бөленуді қаласа керек, композитор Гайсинді арнайы шақырып, дуэттің бұрынғы әндерін шырқауды жөн көрген.

“Осы біздің KZ тобының бүкіл шығармашылығын жасаған адам– Ринат Гайсин. Біз жиі кездеспейміз. Дегенмен біздің қазіргі айтатынымыз, бұрынғы KZ тобында айтып жүрген әніміздің көбісін мына Ринат досымыздың сүйемелдеуімен айтамыз”, — дейді Рүстем Нұржігіт.

Иә, бұл жобаның бұрынғы жетекшісі – Ринат Гайсин! 2000-шы жылдары Рүстем мен Бейбіттен басын қосқан да дәл осы муыкант еді. Әуелде сәтті тандем таба білген қос тараптың жұмысы алдағы уақытта қайта жанданса, таң қалмаңыз! Дәл осы кездесу өнерпаздарға шалқар шабыт сыйлап, тың идеялардың тууына септігін тигізген тәрізді.

“Бағана эфирдің алдында ұсынып жатырмын да, Ринат екеуміз бірнеше күй жазып тастайық осылай. Репертуарға қосып, ойнап жүрсек керемет емес пе? Біраз әншілікке бет бұрып, домбыраны да ұмытпауға тырысамын әрине”, — дейді әнші Рүстем Нұржігіт.

Рүстем экс-продюсерімен шығармашылық байланыс орнатып, ұлттық аспапты дәріптеуді қаласа, Бейбіттің жоспарытым басқа. Жаңашылдыққа жаны құмар Көшқалиевтың қазір батыстықстильге басы кетіп жүр.

“Синти-поп батыстың модасы болғаннан кейін,өзімнің репертуарымда сондай әннің болуын қаладым. Енді Ғалымжан Молданазар секілді барлық әндерім ондай болмайды. Ол бүкіліне бір стилді алған ғой, мен әндерімнің арасына бір әнді қостым”, — дейді Бейбіт Көшқалиев.

Музыканттардың жоспардағы жобалары мұнымен шектелмек емес.  Көшқалиев қазір бар күшін қазақ күресіне салуда. Ол шоу-бизнес өкілдері арасында өтетін «Өнер барысы» додасында топ жаруды қалайды. Бұл Бейбіттің жұртқа беймәлім қырларының біреуі ғана!

Енді адам болғаннан кейін көп нәрсеге қызығамыз. Дегенмен де өзіме ұнайтын дизайнерлік өнер. Фотоларды әрлеп, фотошоп дейді ғой, сол ұнайды маған, хоббиім. Сонымен қатар спорт ұнайды маған. Қазақ күресіне шабытым ашылып жүр. Карантиннен кейін, «Өнер барысы» болады. Соған дайындалып жүрміз, — дейді әнші Көшқалиев.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close