Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыМузыкаСараптамаларШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Бір әнді шырқаған Мейрамбек пен Меруерт талқыға түсті

Шоу-бизнес өкілдері «Қимай сені барамын» туындысын орындаған қос әншіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Қимай сені барамын» Меруерт Түсіпбаеваны қазақ халқына танытып, бой тұмарына айналған туынды десек артық емес. Бірақ бүгінгі таңда аталмыш әнге көз тігіп, орындауға құмартқан өнер өкілдері көбейген. Мәселен таяуда  Бесбаев жаңа нұсқада шырқап, репертуарына қосып үлгерген еді. Алайда шоу-бизнес өкілдері  арасында пікірталас туындап, олар Мейрамбектің орындауындағы жаңа нұсқаны қабылдай алмаған секілді.

«Мен Меруерт әпкемізді бірінші тыңдап, осы әнімен есімізде қалған. Жүрегімізге тиіп керемет әсер алған болатынмын. Бұл Түсіпбаеваны  қазақ халқына танытқан туынды. Сондықтан бізге сол кісінің орындауында жақын боп қалған», — деді Айдар Тұрғамбек.

«Әр әнші өзінше тәтті айтады. Мейрамбек те өте керемет шырқады.   Меруерт те өзінше әдемі айтады. Дұрыс па? Бір жағынан Меруерт алғашқы орындаушысы», — деді Мұрат Қожа.

«Біз бала кезімізден Меруерт апаймызды білеміз ғой. Және сол кісінің әуені  құлағымызда  қалды», — деді «Заман» тобының мүшесі Ерген.

Ал Жазира Байырбекова  замандастарын бөліп-жарудан аулақ. Алайда «Музарт» марғасқасының орындауында әннің жаңа тынысы ашылып, талан-таражға түспейтініне сенімді.

«Мейрамбектің бір әнді сәтсіз орындағанын әлі естіген емеспін. Ол өзіне жарасатын әрі халықтың көңілінен шығатындай әнді орындайды деп ойлаймын. Сондай-ақ Мейрамбек әншілік қырымен жеткізсе, Меруерт актерлық шеберлігімен жеткізеді», — деді Жазира Байырбекова.

Анығында сонау 90-шы жылдары жарық көрген әнді «Музарт» ансамблінің белді мүшесіне туынды авторы Төлеген Мұхамеджанов өзі тарту етіп, шығармашылық кешінде орындауын өтінген көрінеді. Алайда Бесбаев дәл осы әнді шырқауға алғашында жүрексініпті.

«Бірақ ол мен Меруерт Түсіпбаева сияқты елге жеткізе аламын ба, жоқ па деп мың ойланып, мың толғанды. Бізге де «жігіттер қалай болар екен деп айтты», — дейді Кенжебек Жанәбілов.

Ал Сәкен Майғазиев сазы мен сөзі үйлескен ән сандықта шаң баспай, әр түрлі нұсқада шырқала беруі керек деп есептейді. Тіпті кезінде «Музарт» ұжымының қоржынындағы туындыларды сұрай келген әріптестерінің қолын қайтармаған.

«Осы әндер ұрпақтан ұрпаққа жету үшін, өміршең болуы үшін  бір әншіге ғана байлап қою дұрыс емес. Мысалы Төлеген Мұхамеджанов ағамыздың «Қимай сені барамын» әнін Меруерт айтты. Мейрамбек те орындап жатыр. Халық композиторларынан қалған туындылар тыңдалу керек.. Ән жазылғаннан кейін көпке жету керек деп ойлаймын», — дейді Сәкен Майғазиев.  

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close