Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСараптамаларШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Эксклюзив! Марат Омаровтың некесіз немересі ресми түрде расталды

Әнші Марат Омаровтың ұлына қатысты дауға нүкте қойылды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Таяуда Марат Омаровтың ұлына шағым түсіп, Кәмшат есімді ару Азаматтан қызы барын айтқан еді. Бүгінде мәселенің мән-жайын анықталды. Танымал әулет қазнетте қызу талқыға түскен тақырыпқа қатысты алғаш рет ашып айтты.

«Ол қызды мен танимын. Бір сәтте бірге болғанымыз да рас. Бірақ төрт ай жүріп, оған уәде берген емеспін. Енді екі жыл өткен соң «сенің қызың бар» деп шыққаны маған аспаннан түскендей жаңалық болды», — дейді Азамат Омаров.

«Әнші, атақты болғаннан кейін бай деп ойлай ма, қажеттіліке қатысты телефон шалатын адамдар көп. Соның бірі екен деп мен аңғармадым. Екі жылдан бері үндемей келіп, сіздің немереңіз бар дегенге кім сенеді? Күніне миллиондаған хат-хабар келеді. Сондықтан оған сенім болмады. Себебі ұлым да ештеңе айтпады. Зарина да әлеуметтік желіде ашық, менің де көмекшілерім бар. Ол қыз үйге келіп, жағдайды түсіндірсе қайтармаймын ғой. Өйткені мен қазақ қыздарының жылағанын ешқашан қаламаймын», — дейді Марат Омаров.

Бүгінде Азамат Омаровтың әкелігін анықтайтын медициналық сараптама дайын. Кішкентай Көзайым сазгердің немересі екені расталды.

«Ең бастысы қазір бәрі бітті. Қызымды Көзайым Азаматқызы деп атадым. Ал Кәмшатқа бақыт тілеймін. Ол да өзіне қысым жасалғандықтан көрсеткен шығар. Мен ол қызды жамандамаймын. Өйткені кінә менен де бар. Бірақ онымен араласып, жақсы танысыпыз деп айта алмаймын. Бір-бірімізді бір-ақ рет көріп, сөйлестік», — дейді Азамат Омаров

Марат Омаров немересіне қатысты жаңалықтан хабардар. Тағдырдың тосыннан әзірлеген сыйына әнші шын қуанып отыр.

«Дәлелденіп жатқан дүние болса, мен қалай қарсы боламын? Ол Алланың бергені. Мен оған қарсы шыға алмаймын. Осы күнге дейін дәлелденбеген соң ештеңе айта алмадым. Халыққа жауап беру де маған қиын болды. Сенбедім. Ал негізі мен балажанмын. Бізге сәби артықтық етпейді. Қабыл аламыз. Ол періште ғой. Қандай кінәсі бар?», — дейді өнер иесі.

Иә, Марат Омаровтың немересі жайлы бұл жаңалық жаға ұстатқаны рас. Аталмыш оқиғағадан соң жұрттың танымал отбасына бас сала жағымсыз пікір жазғаны да жасырын емес. Әкесі мен інісіне жағылған қара күйе Заринаға да оңай соқпапты. Әлеуметтік желіде алғаш жауап жазып, сабырға шақырған да өзі.

«Бұл оқиға тек менің ініме емес, бүкіл Омаровтар отбасына ауыр тиді. Өйткені ол жерде Марат Омаровтың некесіз немересі деп әкемнің аты аталды. Азаматты халыққа мүлдем басқа адам ретінде көрсетіп жібергені жанұямыздың жанына батты», — дейді Зарина Омарова.

«Екі жыл бұрын отбасымда мәселелер орын алып, көңіл-күйім болмай жүрген. Бағдарламада айтылғандай, казино, құмар ойынға әуес емеспін. Тағы шындыққа жанаспайтын әңгімелер айтылды. Оның бәрі өтірік. Неге жалған ақпарат айтқанын білмеймін. Көлігім де бар, жағдайым да жақсы», — дейді Омаровтың ұлы.

Бұл оқиға Азаматтың шаңырағын шайқалтпай қоймапты. Алғашқы некесінен екі баласы бар. Бірақ бүгінде отбасынан бөлек тұрады. Марат Омаровтың ұлы соңғы жаңалықтар өзіне сабақ болғанын жасырмайды.

«Әлеуметтік желіде жазылған түрлі жағымсыз әңгімелер, кереғар пікірлер көп болды. Соның бәрі біткеніне қуанамын. Әкемнен де кешірім сұраймын. Ал достарыма, ұлыма бұл пиар жолы деп кейде күлкіге, жақсылыққа айналдырып жіберемін», — дейді Азамат.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close