Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерСараптамаларСұхбаттарӘнші

«Маған талантты жастар керек!» Ziruza-ның продюсері әншімен қоштаспақ па?

Әлімов жарияланған кастинг көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Q-pop ханшайымының продюсері шәкіртіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Толығырақ Shownews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Зирузаның продюсері жас таланттарға іздеу салады. Әлеуметтік желі арқылы кастинг жариялаған Ерлан Әлімов, қыз-жігітттердің жұлдызын жағуға бекінген секілді.

«Маған талант иелері, талантты жастар керек. Бәлкім оны таланты той әндерінеде болуы мүмкін немесе жаз жанрын орындаушы болсын. Бірақ кең жүректі, көрінетін, дауысы зор, милизматикасы мол сондай әнші келетін болса міндетті түрде аламын», — дейді Ерлан Әлімов.

Продюсердің өнерге құштар өрендерге тосыннан шәкірт іздеуіне не себеп? Жыл басында Оқаповпен жұмысын тоқтатқан Әлімов, енді Зирузамен де қоштаспақ па?

« Зируза міндетті түрде. Ол біздің лейблдің, Интертейменттің бірінші жұлдызы. Ой, Зирузамен жоспар өте көп. 2020 жылы бейнебаяндар, альбомдар шығаруымыз керек. Мүмкін бір дарынды қыз келер. Егер дарынды қыз келсе мен Зирузаға қарамай сол қызбен жұмыс жасаймын. Бірақ олардың бағыттары әртүрлі болуы мүмкін», — дейді продюсер Ерлан Әлімов.

Иә, Ерланның құрған жоспары осындай. Ал, Зирузаның жеке өмірі жанкүйерлеріне әрдайым қызық. 23 жасқа қадам басқан Q-pop ханшайымын тұрмысқа шығу тақырыбы қаншалықты толғандырады?

« Жо-жоқ. Ондай күйеуге шығу деген жоқ. Қазір тек қана өнермен айналысқым келеді», — дейді Ziruza.

Зируза ақ келін атануға асықпаса да, отандық шоу-бизнестегі сылқымға жиі сезімін білдіретін серілердің саны көп екен. Талай жігіттің арманына айналған арудың болашақ жарына қояр талабы көп емес.

« Талаптарым жоқ. Жүрегі болса болды», — дейді әнші Ziruza.   

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close