Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаӘнші

Жұлдызды ата-аналар ұлына қалыңдық іздеуде

Жанболат пен Жазира, Қыдырәлі мен Қарақат, Сәкен Майғазиевтер келін іздеуге кірісті. Жұлдызды ата-аналар ұлдарының болашақ қалыңдықтарына қандай талаптар қойды? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Жақында ғана қызды болған Жанболат пен Жазира енді келін түсірсе, таң қалмаңыз. Бүгінде жұлдызды жұп жалғыз ұлына жар іздеуде.  22 жастан асқан Қазбектің қалыңдығын әкесінің өзі таңдап беруге бекінген.

 “Менен гөрі көбінесе әкесі қарайды.  Менен гөрі әкесінің талғамы жоғары, қызға келгенде. Сондықтан да әкесінен артық мен  таңдай алмайтын сияқтымын. с0024  6-03 Мен ұлымнан: “қыз кездескен жоқ па, үйленетін қыз жоқ па”  деп күнара сұрап жүрмін.  Соңғы кездесі ұлымның үйленген қалап, Алладан тілеп жүрмін”,  — дейді Жазира Байырбекова.

Жұлдызды жанұя дүбірлі тойға тас-түйін дайын. Бірақ, ұлының келешегіне алаңдайды. Танымал әулетке иманды ару кездессе – ата-анасы сырға салуға сақадай сай.

“ Иманды болса, ешкімге қиянат жасамайтын болса, ешкімнің көңілін қалдырмайтын, жаңағы қабақ түймейтін. Біз мынандай адам болса екен деп ойлаймыз, бірақ кез-келген адамның кемшілігі болады ғой. Бірақ сол кемшілігін жауып тұратын қасиеттері  көбірек болса”, — дейді әнші Жазира Байырбекова.

Бүгінде Сакен Майғазиевтің жалғыз ұлы Әділет те ер жетті. Бұл отбасының да келін таңдауда өзіндік ұстанымдары бар. «Музарттың» әншісі жақын дос-жарандарымен құдаласуды көздеп жүрген көрінеді.

 Өзіміз іздеп жүрміз. Отбасымызбен жақсы араласатын азамат-азаматшалар бар. « Анасын көріп қызын ал» — дейді ғой. Кейде инабатты, иманды отбасын көрген кезімізде жақсы көріп, сүйсініп, осы үймен құда болсақ  екен деп ниеттенетін кездеріміз болады.  Шыны керек, байлық, жоқтықтан, барлық сыннан өткен адамдарды қалаймын. Өйткені бар нәрсеңнің жоқ болуы демде. Кейбір адамдар байлықпен, дүниемен, мансаппен есептейді. Мен ондайға жоқпын”, — дейді Сәкен Майғазиев.

Ұлына қарапайым қалыңдық іздеген Майғазиевтің бойжеткендерге қояр талаптары да аз емес. Жұлдызды шаңыраққа келін болғысы келген қыздар, қайынатасы айтқан қағиданың бәрін білуі тиіс.

“Ең бастысы шаңырақтың түтінін түзу шығаратын, ата-анасына құрметпен қарайтын,  елін сүйетін, ұлымды қас қабағынан түсінетін, екеуі бір-бірімен үндестік тапқан, ұлым оны алақанына салып жүретін адал жар тапса екен деп тілеймін”, — дейді әнші Сәкен Майғазиев.

Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы Бекболат та екі жыл бұрын мектеп тәмамдады. Әлеуметтік желіде белсенді жігіт әрдайым қыздардың назарында. Ал Болмановтар жанұясы келін түсіруге қаншалықты дайын?

“Бұйыртқан күні ғой енді. Ертең келін әкелемін десе оған жоқ демейсің ғой. Бірақ бір айтарымыз иманды, ибалы қыз ізде балам, қазірден бастап. Өйткені тапқан күннің өзінде онымен  танысуың керек, білуің керек, қаншалықты жақын екенін түйсінуің керек деп жатамыз ғой”, — дейді Қыдырәлі Болманов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close