ЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесЭксклюзив

Әсел Сәдуақасованың құрметіне жұлдызды алаңқай ашылды

Алматыда Kinopark 16 ашылып, кинотеатр іргесіне актрисаның суреттері ілінген арнайы жұлдызды қабырға орнатылды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Алғашқыда қалың көпшілікке актриса әрі әнші, кейін кинопродюсерлікке бет бұрған Сәдуақасованың еңбегі еленді. Жыл сайын Кинопарк компаниясының тек таңдаулыларға көрсететін құрметі осы жолы Әселге бұйырған. Су жаңа кинотеатрдың іргесіне әртістің суреттері ілініп, қол таңбасы бейнеленген жұлдызды қабырға орнатылды.
Қазақ киноиндустриясын дамытуда жылдар бойы тынбай тер төгетін Әсел өзіне көрсетілген құрметке дән риза. Тіпті актриса көз жасына ерік беріп Кinoplexx ұжымына алғысын білдірді.
«Мен өте бақыттымын. Біріншіден бұл үлкен кинотеатр. Бұндай жұлдызды қабырға Нұртас Адамбайда, Нұрлан Қоянбаевта бар. Енді меніңде дәл осындай алаңқайым бар. Маған сізге арнайы кинотеатр ашып жатырмыз дегенде қатты қуандым. Және де бұл елімізде ең алғашқы продюсер қызға арналған жұлдызды қабырға», — деді Әсел Сәдуақасова.
Бұл кеште Сәдуақасованың қуанышымен бөлісуге келген өнердегі әріптестері де бой көрсетті. Мәселен, Санжар Мәди Әселдің бұл құрметке әбден лайық деп отыр. Себебі, еңбекқор бикештің шығармашылық жолында талай қиындықты бастан кешіргенін жақсы біледі. Сондай-ақ екеуі «Замуж в 30» романтикалық кино картинасында ғашықтардың рөлін сомдаған.
«Мен Әсел үшін қуаныштымын. Мен оны көптен бері танимын. Талай қиындықтыда бастан кешірді. Қызғанып, көре алмағандарда болды. Бірақ, ол бәрін жеңіп танымалдылықтың шыңына шықты», — деді Санжар Мәди.
Ыңғайлы орындықтар, сапалы экран, таза дыбыс және көрермен үшін жасалған ерекше мәзір! Жәй ғана смартфоныңызды алып, саусағыңыздың ұшын қимылдатсаңыз даяршы тапсырысыңызды дереу жеткізеді. Тұтынушылар үшін барлық жағдайды жасаған компания Қазақстандағы кинотеартлардың көшін бастап тұр.
«Әрбір кино залда отыз, қырық адамға жуық орын бар. Олардың көлемі өте шағын. Сондай-ақ бұндай залдар өте ыңғайлы. Мысалға өзіңіздің ерекше туған күн болса достарыңызбен бірге отырып кино көре аласыздар. Өзіңіздің таңдаған киноңызды. Сондай-ақ ішінде отырып тамаққа тапсырыс бере аласыздар», — деді Бибіжамал Бекенова.
Иә, ұйымдастырушылардың сөзінің жаны бар. Өйткені қарапайым халықпен қатар тіпті кестесі тығыз жұлдыздардың өзі қолы қалт етсе кинопаркке қарай ағылады.
«Мен қолым боса са кинотеатрға келіп демаламын. Маған осында кино көрген ұнайды», — деді Фархат Әбдраимов.
«Мен бұл жерді өзімнің кеңсем деп айта аламын. Маған өте ыстық кинотеатр», — деді Сәдуақасова
Кинопарк копманиясының табысты қадамдары мұнымен шектелмейді. Өткен жылы жемісті еңбек ете білген команда биылға да үлкен жоспар құрып қойған.
«Өткен жылы біз Қазақстандағы бес қалада сегіз кинотеатр ашқан болатынбыз.Биылға да құрған жоспарымыз орасан зор. Келісімшарт құрып үлгердік.Жыл соңына дейін тағы үш кинотеатр ашқалы отырмыз», — деді Жанна Налаева.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close