Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Like-сыз Instagram, Instagram емес» Отандық шоу-бизнес өкілдері шу шығарды

Өткен жылы Instagram жүрекшені алып тастау жөнінде ақпарат таратқалы, отандық шоу-бизнес өкілдері шулай жөнелді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Мәселен танымал вайнер Seka үшін жүрекшенің маңызы зор. Себебі әзілкеш дәл осы әлеуметтік желі арқылы бес миллионға жуық оқырманына түрлі тақырыптағы вайн ұсынып, есесіне жарнама берушілердің санын арттырған. Бүгінде Instagram-ды табыс көзіне айналдырған КВН түлегін, әлбетте бұл ақпарат алаңдатпай қоймапты.

«Жүрекше бізге маңызды. Негізі Instagram лүпіл болады деген. Ең бастысы  контентті тоқтатпай, осы қарқынмен жұмыс жасай берсек, бәрі жақсарады», — дейді вайнер.

Жас әнші Мирас Жүгінісов те әлеуметтік желіде ара-тұра жаңалығымен бөлісіп тұрады. Қазақ эстрадасына енді қадам басқан орындаушыға көрерменмен кері байланыс орнату өте қажет. Өнер иесі үшін тыңдарманнан келген лайк үлкен рөл атқарады.

«Негізі адамдардың лүпіл басқанын, өзіңнің тыңдармандарыңның саған жазғанын көрген дұрыс деп ойлаймын. Онсыз Instagram, Instagram емес», — дейді жас әнші Мирас Жүгінісов.

Instagram-ның әлем бойынша жүргізіп жатқан тәжірибесіне кейбір өнер иелері оң қабақ танытып отыр. Себебі жұрт назарынан жүрекше жоғалғанымен әрбір қолданушы өз статистикасын қадағалуына мүмкіндігі бар. Бұл жағын Бейбіт Күшқалиев зерттеп те үлгеріпті. Дегенмен әнші әрбір лайк өзіне шабыт беретінін жасырмады.

«Негізі әр адам өзінің шығарған дүниесіне, фото-видео, ән болсын міндетті түрде көрерменімен кері байланысты күтеді ғой. Лүпілді алып тастады. Бірақ әр адам өзінің қанша лайк жинағанын біле алады. Оны мен зерттегенмін, мысалы сіз мені көре алмайсыз. Алайда мен өзімнің парақшамнан қанша лайк басылғанынан хабардар боп отырамын», — дейді Бейбіт Күшқалиев.

«MeloMen» тобының серілері де бұл хабарды жақсылыққа балап отыр. Қай салада болмасын өзгерістің орын алуы өнер иелерін қуантпаса, мұңайтпайды.  Жігеттер жүрекшенің орнын басар жүйенің орнатылатына бек сенімді.

«Лүпілдің орнына басқасы шығуы мүмкін. Like-ты алып тастаса, қызық тоқтап қалады деу артық. Инстаграмның дамуы қалай, адамға не ұсынады соған байланысты», — дейді топ мүшелері.

Instagram желісінің ең белсенді қолданушыларының қатарында Мейіржан Төреханов пен Дана Есеева да бар. Отбасылық хикаялар жөнінде қызықты вайн түсіруде алдына жан салмайтын жұлздызды жұп та лүпілді алып тастау жөніндегі ақпаратқа алаңдағанымен, қаралым санынын қалғанына қуанышты.

«Білуімізше қаралым саны көрінеді. Ал бізде сурет емес, бейнероликтер болғандықтан, ең бастысы қанша адам тамашалады, сол маңызды», — дейді Мейіржан Төребаев.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close