InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнес

Айгүл Иманбаеваның жаңа ғашығы кім?

Әр қадамы жұрттың жіті назарында жүретін Айгүл Иманбаева тағы бір бейтаныс азаматпен көзге түсті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Айгүл Иманбаеваның соңғы посты оқырмандары арасында талқыға түсті. Бұл жолы жүзін жасырған жігітпен қол ұстасқан бикеш, әлеуметтік желіде су жаңа суретін жүктеген.

«Осылай болып қалды», — деп инстаграмда қысқа қайырды актриса.

Хайп қууға құлықты әнші бұл жолы танымал фитнес-жаттықтырушы Акбар есімді жігітпен көңіл қосып жүрген кейіп танытты. Пікір калдырушылардың басым бөлігі әншіге бақыт тілеп жарысуда.

«Аяқтары шыныққан екен, демек қолына көтеріп айналдыра алады», — деп пікір қалдырған оқырманға, Иманбаева да көп ұзамай «Бастысы мені сүйеді», — деген жауап берді.

Десек те, бұл ақпараттың шындыққа ұласуы екі талай. Себебі, актриса өзінің шынайы ғашығын көрсетуге асығар емес. Бұл сурет су жаңа кинотуындының түсірім алаңындағы кадрлардан үзінді болуы мүмкін.

Айта кетейік, Иманбаева дәл осы сынды әрекетпен бірнеше мәрте көзге түскен. Өткен жылы ұлы Асылжанның досымен клипте бой көрсетсе, актер Азамат Сатыбалдымен де жұрт жұптастырған еді. Әзірге Айгүлдің ақ келін атанар ойы жоқ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close