Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Нұрлан Еспанов алаяқ па?

Абайлаңыз, алаяқ! Еспановтың ұтыс ойынына қатысты желіде өріп жүрген жазбаларға әнші өз жауабын берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

20 көлікті ұтысқа қойған бейнежазбасын желіге жүктегенде Еспановтың басы дауға қалды. Әншіні бірінші болып ашық сынаған Арман Сқабыл. Танымал тележурналист фейсбук парақшасында арнайы пост жариялаған еді.
«Абайлаңыз, алаяқ лоторея! Еспанов деген әнші тіпті 20 көлікті ұтысқа қойыпты. Бұл не деген батпан құйрық? Пайда тапқыш Еспанов және сол секілдідер 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Халқыма айтарым, алаяқ лотореядан алыстау жүрейікші! Алданып болдық қой! Бізді кім алдамады? Ендігі қалғаны Еспановтар еді…»
Қазнетте қызу талқыға түскен жазбадан Еспанов та хабардар. Бірақ өзін айыптағандарға өнер иесінің берер жауабы дайын.
«Бұл менің жеке лотореям емес. Мен жәй ғана ол лотореяның амбассадорымын. Дұрыс түсіну керек. Маған мысалы келді де айтты: «Нұреке осындай лоторея бар көресіз бе?» — деді. Мен ең алдымен барлық документтерін көрдім. Бәрі дұрыс. Сосын маған 3 жарым млн теңге берейін деді. Мен ол ақшаны алып, Арыстағы ағайынға көмек ретінде қайырымдылыққа жараттым. Қожанов атындағы орта мектебінің жүз он төрт оқушысына форма алып бердік»,- деді Еспанов.
Иә, жарнамадан түскен қаражатын қайырымдылыққа жаратқан Нұрланның сөзіне сенсек, өзі бір тиын да пайда таппаған. Әншіге мұқтаж жандар мен қарапайым халықтың алғысы да жеткілікті. Тіпті, жеңімпаздарды да жатқа біледі.
« Ең бірінші ұтысты бір мүгедек мүмкіндігі шектеулі баласы бар ана ұтып алды. Қуанып жылап жіберді. Баласын ешкім массажға апармай қойыпты. Сол құдайдан тілеп бір билет сатып алып едім, пәленбай миллионның автокөлігін ұтып алдым деп қуанып отыр. Рахметін айтып жатыр»,- дейді Нұрлан.
«Енді формасына қарасақ бұл букмекерлік конторлар немесе казинодан түк айырмашылығы жоқ. Сізде ол жерден бірдеңе ұтам деп барасыз, ақшаңызды бересіз. Ең соңында ақша да жоқ, ұтқан ұтыс та жоқ. Солай болып жатады»,- деді Арман.


Еспановтың өзін сынға алған Арманға деген өкпесі қара қазандай. Ендігі мақсаты – туындаған мәселені өзара бетпе-бет шешу.
«Мен Арманның фейзбуктағы жазбасын көрдім де кішкене ренжідім. Ол кісі маған телефон шалып-ақ айтса болады ғой. Нұреке, осындай болып жатыр. Не өткізіп жатырсыздар, деп менен сұрап жазса ренжімес едім. Ол кісімен жолығып сөйлескім келіп отыр. Менің атымды, тегімді жазып тұрып сіз қалай жазасыз? Сіз білмейсіз ғой қалай болып жатқанын»,- дейді әнші.
«Нұрлан Еспановтың осы менің мақалама байланысты жауабын да бір жерден оқыдым. Біз айналыса береміз. Ит үреді, керуен көшеді деген. Бұл жерде бұл мақалдың ешқандай қатысы жоқ. Ит те үріп жатқан жоқ, керуен де көшіп жатқан жоқ. Бұл мәселенің нәтижесін бір айдың ішінде өздеріңізде көресіздер. Заң қабылданғаннан кейін заңсыз екендігі, кімнің немен айнасылып жүргені анықталады»,-деді Арман Сқабыл.
Желіде айқасқа түскен әнші мен журналистің жанжалы мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Енді Еспанов өзіне жала жапқан Сқабылға қарымта сұрақ қойып, мысын баспақшы.
«Сол кісіден сұрағым келеді. Сіздер не қайырымдылық жасап жатырсыздар? Сіздер не істедіңіздер жазғаннан басқа? Кішкене әйтеуір менің жағымсыз жағымды көрсеткеннен, насихаттағаннан басқа не жасап жатырсыздар? деп олардан сұрағым келеді», -деді Нұрлан.
«Бұл алдау. Алаяқтық мәселе. Сонша халықтан, жиырма, отыз, қырық миллионға дейін ақшаны жинап алып, оны өздері қайырымдылық жасап жатырмыз деп ақталу меніңше ешқандай логикаға симайды. Бір ақ нәрсе айтамын. Алданып қалмаңыздар. Қалай дегенде де ешқандайда қайырымдылық, басқаларға көмектесу деген ойға қонымсыз»,-деді Сқабыл.
Желіде жиі ұйымдастырылатын ойында ұтыс пен ұтылыс та бар! Алаяқтарға алданып, қалтасынан қағылғандар да жоқ емес! Десек те, әр қадамды аңдып басқан абзал!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close