Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзив

Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповтың өтірігін әшкереледі

Ләйлә Сұлтанқызы өзі туралы жалған ақпарат таратқан Нұрболхан Шараповтың сөзін шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Ләйлә мен Нұрболханның арасынадағы мәселеге нүкте қойылды деп ойлаған едік. Алайда сот үкімін шығарғанымен, әзілкеш дауды әлеуметтік желіде жалғастыруда. Сұлтанқызы Шараповты жеңісімен құттықтап жеке парақшасына пост жариялағанымен, әзілкеш масаттанып әлек. Бірақ, мақтаншақ жігіттің бұл әрекеті оқырмандарына жақпады.
«Еркек болшы, зарлай бермей! Ерлер арасында әйелдермен ұрсысудың шебері деген атақ беретін болса, сен бірінші марапат алатын шығарсың. Ер азамат атыңа лайық бол. Қазақ қызын қорғап не істегеніңді қайдам. Болашақта көреміз! Сонша қорыққанда үш адвокат жалдағансың ғой»,-дейді әзілкештің оқырмандары.
Шараповтың шуы мұнымен шектелмейді. Отандық бағдарламаның біріне берген сұхбатында ол: «Ләйлә Сұлтанқызын зорламақшы болды» деген ақпаратты да таратқан. Осы орайда тележурналистке қоңырау шалғанымызда, әзілкештің сөзін жоққа шығарды.
«Астағфируллах, құдай сақтасын. Не айтып отырсыздар? Менің ойымша бұл бос әңгіме. Енді күнде неше түрлі жаңалық еститін болдым ғой. Аман болсын бәрі!»- деп қысқа қайырды Ләйлә.
Сұлтанқызы жалған ақпараттарды естіп, таңғалды. Бұл даудан хабардар шоу-бизнес өкілдері әлеуметтік желіде Ләйләға қолдау көрсетуде.
Жұлдыз Абдукаримова: «Сіздің талай жақсылығыңызды ел де, кезінде талай танымалдар да көрді. Бәрі бір Аллаға аян! Әр нәрсенің қайырлысын ғана нәсіп етсін!
Мәдина Садуақасова: «Ләйла қыз, сенің «тек жақсы болсын» деп жүргеніңді білсе ғой, адамдар!»
Жұлдызды дау осымен тәмамдала ма, әлде Шарапов тағы ушықтыра ма? Келешек көрсетер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close