InstaNewsШоу бизнесӘлем Жұлдыздары

Иван Ургант: «Менде және Николас Кейджде ғана бар!» Димаш Құдайберген ресейлік шоуменге шапан жапты

Димаш «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысып, аталмыш шоудың жүргізушісі Иван Ургантқа шапан жапты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Димаш тағы да дүйім жұрттың назарында. Бұл жолы отандасымыз «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысты. Аталған жобаның студиясына қазақ баласымен қатар, композитор Игорь Крутой және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова да бой көрсетті.

Сұхбат барысында отандасымыз Иван Ургантқа қазақтың шапанын тарту еткен.

«Бізде құрмет әрі сыйлы адамдарға шапан жабады. Осы сәтті пайдала отырып, сізге сыйлағым келеді», — деді Димаш.

Тосын тартуға тап болған ресейлік шоумен де қарап қалған жоқ. Димашқа дер кезінде әзіл-шыны аралас жауабын берді.

«Мұндай киім менде және Николас Кейджде ғана бар», — деді Иван Ургант қалжыңдап!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close