Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзив

Гүлзира Айдарбекова: «Қайраттың оқырманы Еркеден де көп!» Продюсер ютубта көш бастаған Есмаханның жетістігін жоққа шығарды.

Ғаламтор желісінде Ерке Есмаханның 100 000 000 миллион қаралым жинап, рекорд жаңаратқаны шоу- бизнес өкілдерінің күмәнін оятты деп, хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Еркенің «Қайда» атты бейнебаяны 100 000 000 миллион қаралым жинап отандық шоу-бизнес өкілдері арасында көш бастаған еді. Есмаханның жетісігінен танымал хитмендер де хабардар. Десек те, әншінің бұл жеңісін Қайрат Нұртастың командасы мойындамайды.
«Біздің Қайраттың қаралымы мен оқырманы Ерке Есмаханнан да көп. Менің балам Қазақстан бойынша бірінші орында тұрған әнші деп ойлаймын. Осы күнге дейін Қайраттан асқан ешкім жоқ. Бірақ, біз ғаламторда қаралым жинауға жұмыс жасамаймыз. Көбінесе концертке аса назар аударамыз», — дейді Қайрат Нұртастың анасы.


Әртістер арасында бұрын-соңды болмаған Еркенің рекордына күмән көп! Өйткені, жасанды жолмен қаралым мен оқырманды көбейтудің түрлі тәсілдері бар көрінеді. Мәселен, Қайраттың анасы мен Шахизадаға да дәл осындай ұсыныс көп түскен!

«Маған оқырман сатып аласыз ба? Ақша берсеңіз әлеуметтік желідегі белсенділігіңізді арттырып береміз деген ұсыныс тастаған. Мен ондай жалған әрекетке қарсымын. Жалған оқырманды не істеймін?» — деді Шахизада.
«Мен соны түсінбейді екенмін шынымды айтсам. Иә, мен де біраз адамнан естідім. Оқырмандарды сатып алуға болады деп. Ұсыныстар да көп түсті. Бірақ, мен ондай әрекетке бара алмайды екенмін. Ондайға қолым бармайды. Берекесіз істерден аулақпын», — дейді Айдарбекова.
Ал, соңғы кездері ютуб желісіндегі жобаларда жиі бой көрсететін Жанар Айжанова қаралымға бас қатырмайды. Өйткені, өнер иесі үшін виртуалды әлемде көрсеткен құрметтен гөрі, халықтың шынайы махаббаты маңыздырақ.
«Менің ғаламтордағы қаралымым құдайға шүкір. Бірақ мен өзімді оған байланысты бағаламаймын. Халықтың алдына шыққан кезде әдемі әнімді айтып, қошеметке бөленсем болды. Қазір жүргізушілік тағы бір салаларды қатар алып жүрмін. Сол салада шынымен бағамды алып отырсам маған жетеді. Халықтан алған әдемі бағаммен алғысым ғана көңілімді толтырады. Меніңше сол дұрыс. Әйтпесе, сенің қаралымың айқайлап тұрып, бір жерге барғанда тұшымды ой айта алмай масқара болып қайтсаң, оның несі жақсы?» — деді Жанар Айжанова.
Ютуб видеохостингінде Ерке Есмахан «Қайда?» әнімен көш бастаса, «Опмай-опмай» орындаушылары екінші орында. Он айдың ішінде «Азия» мен «Бақайдың» бірігіп таспалаған туындысы 55 миллион қаралым жинаған. Мәртебелі үздік үштікті Қайрат Нұртас түйіндейді. Осыдан бір жыл бұрын желіге жүктелген «Жүрегіңнен бір орын бер» клипінің көрсеткіші 42 миллионға жеткен.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close