Басты жаңалықтарЖаңалықтарТұсаукесерШоу бизнесӘнші

Аузы күйген Алагөзова! Баян Keshyou тобының жаңа құрамына қатаң талап қойды

Қазіргі Keshyou тобына жаңа талап! Баян Алагөзова атышулы ұжымның жаңа құрамның шығармашылығына шектеу қойды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Әдетте Keshyou солистерін сахнадан бөлек, түрлі картиналарға да түсіретін Баян, бұдан былай ұстанымын өзгерткен. Азулы продюсер қазіргі құрамдағы қыздардың актрисалық қырын танытуға құлықты емес. Кезінде қол астындағы арулардың жұлдызын жаққанымен, талай мәрте аузы күйгенін жасырмайды. Алагөзованың шәкірттері түсірілім алаңында махаббатын тапқанымен, кейін топтағы жүктелген жұмысына немқұрайлылық танытса керек.
«Мен шынымды айтсам, қазіргі құрамдағы қыздарды киноға түсіруге қорқамын! Себебі, олар жұлдыз ауруына шалдығып, құс сияқты ұшып кетеді. Түрлі жағдай басымнан өткен. Мен оларды фильмге түсірер алдында ұзақ ойланып шешім қабылдаймын»,- деді Баян Алагөзова.


Баян Алагөзова қыздарға қояр талабын күшейтсе де, жаңа топ көрермен көңіліне жақпай келеді. Тіпті, желідегілер құрамы мың құбылған топтың тарауын талап етуде.
«Не болып кетті Keshyou? Тарайтын уақыттары жеткендей, қандай ән айтарын билмей кетті ме?», «Осы қыздардан жаңа топ ашуға болмай ма? Keshyou деген — Айдана, Кәмшат, Жанар ғой! Олар біз үшін тарих!», « Иә, өлең керемет! Бірақ, дәл осы өлеңді бұрынғы Жанар, Айдана, Кәмшат айтқанда мүлдем керемет болушы еді»,- дейді желі қолданушылары.
«Біз әрқашан даму үстіндеміз. Соңғы үш айда екі бейнебаянның тұсауын кестік. Бұл үлкен жетістік. Маған продюсер ретінде қазіргі құрамдағы қыздардың танымалдылығын арттыруда жұмыс жасау керек. Халық оларды тану керек», — дейді продюсер.
Продюсер жаңа құрамды насихаттауда түрлі бағытта ән жазуға көшкен. Жыл басында таныстырылған бұрымдылар «Ұят емес» туындысымен замануи бағытта дебют алса, кейіннен лирикалық «Қош енді» әніне бейнебаян түсірді. Ал, соңғы «Сертің қайда?» туындысы арқылы тойдағы аудиторияны ұлғайтқысы келген сыңайлы.


«Keshyou тобының сахнада жүргеніне 14 жыл! Біз әрқашан басқа топтардан ерекшеміз. Ешкімді қайталамай, әртүрлі жанрда жұмыс жасаймыз. Осы жолы осындай қызықты әрі ырғақты бейнебаян түсіруді жөн көрдік», — деді Алагөзова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close