Ән сөздері

«Ақсұңқар» халық әнінің сөзі

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келген соң ажарлымның.

Қайырмасы:
Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым айналайын,қандай едің,
Құрбыңның өзің теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұратыма жандай едім.

Қайырмасы:

Қарағым айналайын,қасың керік,
Мал болсаң,алар едім бәсін беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Қайырмасы:

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close