Жаңалықтар

Сәукеле киіп, елді күлдіргісі келген азамат жұрттың қатаң сынына ұшырады

Qazaqstanda парақшасында басына сәукеле киген қазақ жігітінің видеосы тарап кетті. Ер азамат желіде танымал болғысы келгенін жасырмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Битіп видео түсіріп салып қояйын. Бітті, Instagram парақшасында хитпін», — деп күледі видео авторы.

Айта кететіні, қазақ жігіті Раим мен Артурдың жақында шыққан «Сәукеле» әніне билеген.

Ал желі қолданушылары ер азаматтың бұл әрекетін құптамаған. Керісінше, оны сынға алған.

«Қазақ жігітінің кейпі осы болса», «Ұят қой», «Танымалдылық үшін бәрін жасайтын жағдайға жетіпсіңдер ғой», «Өте ұят тірлік», «Масқара».

«Қасыңдағы балақайға жақсы үлгі көрсетіп жатырсың», «Дап-дардай азамат бола тұра осылай істесеңіз, ұят екен», «Шырынның тағы бір ағасы пайда болды ғой», «Жігіттеріміз ұсақталып бара жатыр» деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын желіде жалаңаш денесіне шапан жапқан қазақ жігітінің суреті тарапкеткен болатын.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close