ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Мен кімнен кеммін?!»: Енді Ернар Айдар да фильм түсірмек

Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан сынды әншілер продюсер әрі актер болып кино әлеміне еніп кетті. Енді олардың қатарын Ернар Айдар толықтырмақ.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Фильм түсіру жайлы ойын әнші өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жазды.

«Жалпы өмірден алынған киноларды жақсы көрем.
Қазақ киносы дамып жатырғой, ең бастысы қазақ тіліндегі
Менде соған үлесімді қосқым келеді.
Егер түсірсем, қандай кино күтесіздер менен?» — деп жазды әнші.

Ал әншінің оқырмандары оны жерден алып, жерге салып фильм түсірмеуін сұрады.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас «Өкініш», «Арман» фильмдерін түсірсе, Төреғали Төреәлі «Ұлы дала комедиясы» фильмін түсірген болатын. Әріптестерінен қалыс қалмайтын Ерке Есмахан «Кафе махаббат» атты фильмін жарыққа шығарған еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Ернар Айдар кино түсірсе бүкіл Қазақстан халқы көруіне мен сенемін. Өмір жайында керемет кино түсірсе болар еді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close