ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Нұржан Мен Сараның клиптегі ғашықтық сезімі өмірде де тұтанғаны рас па?

Сара Амангелді мен Нұржан Керменбаевты жұрт желіде жұптастырып жатыр. Алғашқыда «Доғар» атты әнге дуэт жазған әріптестер, шет елде тағы бір бейнебаян түсірген. Клиптегі ғашықтық сезімі өмірде де тұтанғаны рас па? Қара бала мен Сара қыздың өзінен сұрап көрдік!

Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

«Доғар» атты әннің жалғасын жазған дуэттің кезекті клипі «Кешірдім» деп аталады. Санаулы сағаттар бұрын желіге жүктелген су жаңа видеоны көргендер, Нұржан мен Сараның шығармашылық қарым-қатынасын сезіммен ұштастырып үлгерген.

-Сара, ырбыңдай берме! Оның әйелі бар. Аулақ жүрші.

-Сарамен дуэтіңіз көбейіп кетпеді ме? Әсіресе Баяннан кеткен қыздар!

Сара Амангелді, әнші:

-Шынымды айтсам мен Нұржан ағаны өте құрметтеймін, сыйлаймын. Мен негізінде өзім әр отбасын, біреудің күйеуін алып қалу деген, ондай ойда жоқ негізінде. Әр отбасын мен құрметтеймін, сыйлаймын. Өйткені олар шын ғашықтар!

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Қазіргі таңда елдің қызықтауы да, қарауы да сол хайпты өздері-ақ іздеп тұрады. Кім сондай бір негатив шығарса, сол негативті біреу ұрысып қалды, біреу керісіп қалды, біреу топтан шығып кетті деген сияқты…Сондай тақырыптар өзекті болып тұр.

Қос клиптің де оқиға желісі Сараның өмірімен тығыз байланысты екен. Баянсыз махаббатты бастан кешкен әнші ару, кезінде бақытын бағалай алмаған. Осы бейнебаян арқылы өнерлі қыз бұрынғы ғашығын еске алыпты.

Сара Амангелді, әнші:

-Мен қосылмасам да өзімнің жігітіммен болмаса махаббатыммен, бұл клип арқылы менің жеткізгім келгені… Егер өз-өздерін бірге сүйетін болса ата-анасына қарамай, байлыққа қарамай, ешқайда қарамай адамдар қосылу керек.

Сараның күйзеліске толы сәттері өткен шақтың еншісінде. Бүгінде барлығын ұмытқан бұрымды, жүрегінің жартысын жаңадан жолықтырған секілді.

Сара Амангелді, әнші:

-Өзіме ұнайтын бір адам бар. Ол өнер адамы емес!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close