ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Бес уақыт намаз оқитын қырғыз әншісі Жолдыбаевамен сүйісуден бас тартқан

Әйгілі қырғыз әншісі Мирбек Атабеков Кәмшат Жолдыбаевамен бірге түскен клипінің түсірілімі туралы бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы бастапқыда бейнебаянда қазақ әншісімен сүйісуден бас тартқанын жеткізді. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстандық әншінің айтуынша, 9 қазан күні жарық көрген бейнебаянды түсіруге 15 мың АҚШ доллары кеткен. Сондай-ақ, аталған клипті даярлауға 50-ден аса адам жұмылдырылған екен.

Атабеков қазақстандықтардың бейнебаянға жұмсайтын қаржысы Қырғызстан әншілерінен әлдеқайда көп екенін және мұнда кәсібиліктің жоғары екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол қазақтар адамның киіміне аса қатты мән беретінін сөз етті.

«Онда адамдардың сырт келбетіне көп назар аударады. Ал бізде әртіс үлкен алаңды толтырып, «Дордой» базарынан киім алып кие береді ғой», — деді қырғыз әншісі.

Бес уақыт намаз оқитын Мирбек Атабеков клипте Кәмшатпен сүйісетінін естігенде бірден бас тартқан.

Алайда түсірілім алаңында бір топ адамның жұмыс істеп жатқанын көрген ол қыңырлық танытпай, ойынан айныған көрінеді.

Қырғыз әншісі түсірілім алаңында жұбайы да өзімен бірге болғанын атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Осы. Сахнага. Немесе. Кино. Бейнебаяндарды. Кадагалауга ешкимнин. Кушима. Алде. Бари. Намыссызба. Ерлерге. Арнайы. Стил. Шетеу. Кыздарына. Тыйыу. Салуга. Болмайма. Оны. Корген. Жас. Оспиримдер. Не. Истемейди. Ащы. Болсада. Осыны. Майшаммен. Кадагалауды. Отинемиз. Сиздерден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close