InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Ержан Максимді халықаралық фестивальде Баку тұрғындары орындарынан тұрып қарсы алды.

Күні кеше Бакуде өткен халықаралық «Зима-2019» фестивалінде Ержан Максим көрермендерді ерекше даусымен таңғалдырды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

«Зима-2019» халықаралық фестивалінде Ержан «All by muself» әнін орындаған. Сонымен қатар, бұл кеште бірнеше мемлекеттің ең үздіктері бой көрсетті.

Фестивальді тамашалауға келген қалың көпшілік Ержан Максим сахнаға шыққанда орындарынан тұрып құрмет көрсетті. Оның өнеріне таңғалыстарын жасыра алмаған көрермен жерлесімізге деген  қошеметін аямады. Сонымен қатар, Ержанның инстаграм желісіндегі оқырмандары да әншіге ізгі тілектерін жолдауда.

«Жарайсың! Алла тіл көзден сақтасын!» «Керемет! Жолың ақ болсын!» «Ержан, біз сенімен мақтанамыз», — деді оқырмандары.

 Фестиваль басталмай жатып, қатысушылар қызыл кілеммен жүріп БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.  Тілшілермен тілдесу барысында Ержан Максим өзінің сүйікті орындаушыларының бірі Мүслім Магомаевтың туған жеріне келіп өнер көрсеткеніне өте қуанышты екенін айтқан.

«Мінекей, осымен бұл фестивальда аяқталды. Аллаға шүкір Әзірбайжан елінің төрінде көк туымды желбіретіп қайттым», — деді Ержан Максим. 

Ержан Максим үшін биылғы жыл жемісті болды.  «Голос дети» жобасында финалистердің қатарынан көрінсе, Junior Eurovision  халықаралық байқауында екінші орынды еншілеген еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close