InstaNewsЖаңалықтарТұсаукесерШоу бизнес

Маржан Арапбаева Нұр-Сұлтан қаласында дүбірлі той өткізді

Былтыр үшінші мәрте ана атанған Маржан Арапбаева, күні кеше тұсаукесер тойын өткізді, деп хабарлайды ShowNews.Kz ақпараттық порталы

Жұлдыздар жауған түн! Желтоқсанның 15 күні Нұр-Сұлтан қаласында дүбірлі той өтті. Елордадағы зәулім сарайлардың бірінде керемет кеш ұйымдастырып, ақ дастархан жайған — Маржан Арапбаева. Әнші кіші қызының тұсауын кесіп, әріптестері мен ет-жақындарының ортасында тойлаған. Әр сәтін желіге жүктеген өнер иесі, қуанышты хабарды инстаграм парақшасында айтты.

«Баршаңызға сәлем! Біздің отбасымызда бүгін бақытты күн. Сафия қызымыз бір жасқа толды. Сол қуанышқа арнап үлкен той жасап жатырмыз», — деді Маржан Арапбаева. 

Қазақ өнері өкілдерінің басы қосылған кеште Заттыбек Көпбосынұлы, Қарақат Әбілдина, Айгүл Иманбаева, Қайрат Нұртас, Жұлдыз Әбдікәрімова, тележүргізуші Айгүл Мүкей сынды танымалдар бар. Кішкентай Сафияның кіндік анасы — Тамара Асар. Әнші кештің басты кейіпкеріне ерекше тосын-сый тарту екен.

Айта кетейік, Маржан Арапбаеваның алғашқы некесінен үлкен қызы бар. Кейін екінші мәрте тұрмыс құрған әнші, қос бұрымдыны дүниеге әкелді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close