Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Отандық әншілер «Жыл әні – 2019» музыкалық фестивалінде бас қоспақ

Тәуелсіздік күніне орай елордада «Жыл әні – 2019» музыкалық жобасы өтеді. Бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шарада, алтын қордағы хиттер шырқалып, ел естімеген естеліктер айтылмақ, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Жыл әні – 2019» музыкалық фестивалі биыл тәуелсіздік күнінің қарсаңында, тұңғыш рет шымылдығын түрмек. 16 желтоқсан күні елордада қазақтың музыка өнеріндегі тұғырлы тұлға Бибігүл Төлегенованың меншікті мерекесіне орай өтетін кеште, алтын қордағы кілең хит әндер шырқалатын болады.

«Бибігүл Ахметқызы биыл 90 жасқа толып отыр. Осы мерейлі тойға орай бірінші рет фестивальді ашайын деп жатырмыз. Айтулы кеште қазақ эстрадасының Ескендір ағамыз, Роза апайымыз, орта буын «Музарт», «Жігіттер» тобы сияқты мықты-мықты әншілері болады», — дейді «Жыл әні» музыкалық жобасының продюсері.

Жылдар бойы халықтың жүрегінен орын ала білген әндер мен жырлардың шеруіне, Толқын Забирова да қызу дайындық үстінде. Бұлбұл үнімен талайдың жүрегін баураған Бибігүл Төлегенованың төл шәкірті, ұстазымен танысқан сәтін күліп еске алады.

«Бір күні кешкісін консерваториядан шығып келе жатсам, алдымнан ұстазым кезікті. «Здравствуйте, Бибігүл Төлегеновна!», деп амандасыппын. Сонда кішкене жымиып, Бибігүл Ахметовна деді. Мейірімі төгіліп тұр. Өзімнің сүйікті әжемнің бейнесін көргендей болдым», — дейді Толқын Забирова.

«Жыл әні» сахнасында қазақ эстрадасының аға буын өкілдерімен қатар, жас әншілер де бой көрсетеді. Музыкалық фестивальге Серікбол Сайлаубек те білек сыбана кіріскен.

«Бұл кеште жүректен шығатын әндер, жүректен шығатын сөздер орындалатындықтан, мені тыңдарманға кеңінен танымал қылған «Ой, жеңге» әнін шырқайтын боламын. Сондықтан қолымнан келгенше халқымның көңілін көтеруге дайынмын», — деді әнші.

Жыл бойы тыңбай еңбек еткен жоба ұйымдастырушылары, көрерменге сапалы концерт, естен кетпес кеш сыйлауды көздеп отыр. Ендеше, 16 желтосқан, Нұр-Сұлтан қаласы, сағат 18:00-де, Барыс Арена спорт кешенінде әсем әндер әуелейтін концертке келіңіз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close