Жайдарман

Жайдарман ойындарының «Туған күн» арнайы жобасы өтеді

18 маусым күні Астана қаласындағы «Астана» концерт залында «Жайдарман» ойындарының Астана күніне орай «Туған күн-2017» республикалық арнайы жобасы өтеді.

Шараға биылғы маусымда Жайдарманның жоғары лигасында өнер көрсетіп жүрген топтар мен соңғы бес жылда Жайдарман сахнасында өнер көрсеткен ардагер жайдарманшылар қатысады.

«Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің құрылған күніне байланысты дәстүрлі түрде өткізілетін «Туған күн-2017» республикалық арнайы жобасы биыл ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Астана күніне де орай ұйымдастырылады.

Сонымен қатар арнайы жобаны «Қазақстан» Ұлттық арнасы эфирден көрсетеді.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close