Жаңалықтаржоғары

Ренат Гайсин: Мен өзімді композитор деп санамаймын

Белгілі композитор, музыкалық өңдеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Ренат Гайсин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасында қонақта болған. Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында компазитор ағынан жарылған.

Айта кетейік, Ренат Гайсин Роза Рымбаева, Батырхан Шүкенов, Асылбек Еңсепов, Мақпал Исабекова және тағы басқа әншілермен бірге жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол «Жаужүрек мың бала», «Ағайынды», «Заблудившийся» фильмдеріндегі музыка авторы.

Композитор Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өзі мойындайтын әншілерді атап, жазған еңбектері қанша тұратынын айтып берді. Сондай-ақ, композитор 2018 жылға уәделерін берді.

«Мен өзімді композитор деп санамаймын. Себебі мен әлі үлкен мектепте жүрмін, әлі де жұмыс жасау керек. Бірақ бірде Қадыр атамыздың бір кітабын аштым да, «неліктен мен оның сөзіне ән жазбаймын» деген ой келді. Қаншама кетіп қалған тұлғалар бар, ақындар бар. «Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Фариза Оңғарсынованікі«, «Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Қадыр Мырзалиевтікі» десе мен үшін үлкен бақыт емес пе? Келесі жылы мен осы ұлы ақындардың, ағаларымыздың сөздеріне арнайы ән жазамын деп уәде беремін. Осы кішкентай өзгерісім болсын. 2018 жыл осымен есте қалсын. Бұл адамдардың сөзіне ән жазу мен үшін үлкен арман», — дейді Ренат Гайсин.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close