ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Толқын Забирова: Шетелдік әншілердің шыңғырғаны, шешінгені, секіргені – біздің эстрадаға жетті

«Өнер деген – шексіз әлем. Бір ғана әнмен, бір ғана өнермен шектелуге болмайды. Мен үшін өнер – ғылым. Білмейтінім, білгенімнен көп», — дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова Қазақ радиосының «Кісілік келбеті» хабарында.

Өнер иесінің  айтуынша, отандық эстрада әншілері  әзірге өз бағыттарын таппаған. Елімізде әзірге эстраданың анық жолы қалыптаспаған. Себебі, кейінгі ұрпақ Бейонсеге, Лара Фабианға,  Шакираға еліктейді.

Қазіргі жастардың түсінігінше «эстрада»  деген ол – шетелдік танымал әншілердің шыңғырғаны, шешінгені, секіргені. Жастардың көпшілігі сол бағытты  «өнер»  деп қабылдайды.

«Эстрада – жаймен ғана айталатын ән.  Диапозон кең емес. Өте кішкентай диапозон. Көп болса, sexta мен septima аралығында ғана. Әдемі әннің  ырғағы болса,  әдемі ритмі болса жеткілікті. Құлаққа жағым естілуі шарт.  Ерекше сүйкімді тәтті стиль қалыптастыру қажет.   Модуляция жасап, кульминация жасау, ақырында кода шығару қажет емес. Біз эстрада деп кең тынысты әнші болу керек, жоқ дегенде 1,5-2 октава диапозоны болу керек деген ұғым қалыптастырып алғанбыз. Ол негізінен конкурста қойылатын талаптар»   — дейді  өнертану ғылымдарының кандидаты,  Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Толқын Забирова.

qazradio.fm

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close