Жаңалықтаржоғары

Дана Нұржігіт: Көкірегіне нан піскен Төреғалимен жұмыс жасағаныма өкінемін

Елімізге танымал журналист Дана Нұржігіт бір кездері Төреғали Төреәлінің мансабының өсуіне жұмыс істегеніне өкінетінін айтты. Тележүргізушінің ойынша, Төреғалиды танымал еткен Ұлттық арна мен журналистер қауымы деп хабарлайдыNUR.KZ.

«Қай бір жылы “Ұлы дала баласы” деген жобада осы жігіттің мансабының өскеніне, көкірегіне нан піскеніне “жұмыс істегеніме” өкініп, ұялып отырмын. Өзімнің жақыным абыройсыз қалғандай… Бірақ, сол жобада, түсіру алаңында шат па шұт мінезін байқаған едім. Сабырлық, сыпайылықтан ауылы алыс, кәдімгі люмпен-лидер, көшенің «дерзкий жігіті» Ел аузында жүрген әнші ғой деп, рейтинг қуып… Шындықты айту керек!

Тағы да сол рейтинг деген бәле алдымыздан шықты. Сол кезде рейтинг жинамасақ, бүгінгі бассыздыққа жол бермес пе едік… Көргенсіздіктің тамырына сол кезде балта шабу керек еді! Мұндай аудитория бар. Білемін. Олардың лидері осындай болуы керек, иә. Бірақ, өнерде бұл псиxотиптегі кейіпкерді кумирге айналдыру қауіпті. Бұл нағыз мәдени регресс. “Ұлттық арна” болып өзіміз қолдан жұлдыз жасадық, мойындауымыз керек»,- деп ашынды журналист.

Журналист әншілер қазақша шапан киіп, қазақ тілінде ән шырқаудан бөлек, Димаш сынды музыкалық, мәдени тұрғыдан сауатты болуы тиіс екенін айтты.

« “91” тобының киімі мен жүріс тұрысынан үркіп едік, аяғында “ұлы дала баласы” бұлардан “асып түсті”. Ақыры “төрештің” төрдегі тірлігін көріп отырмыз. Бұл оқиғаның екінші жағы да бар. Нағыз мәдениет тобырға ермей, алда жүру керек екенін ұмытқанымызға көз жеткіздік.

Мәселе шапан киіп, қазақша ән айтып, қазақша сөйлеуде ғана емес, осы мәдениеттің өрелі өкілі болу керек. Музыкалық сауаттылық болу керек,ол бар жерде, саxна мәдениеті өзінен өзі болады. Осының дәлелі-Димаш.

Дана Нұржігіт, Төреғали Төреәлі. Коллаж: NUR.KZ

Ал, мына шектен шыққан оқиға тв мен радио, шоу-бизнес өкілдері үшін де,тыңдарман үшін де белгілі бір рубикон болды. “Жетер енді!” дейтін кез келді!Билетке жұмсаған ақшаңды кері талап етіп, залдан шығып кету керек!Осыны жасаған бірде бір адам табылмағаны ма?” – деп жазды Дана Нұржігіт.

Еске салсақ, өткен жұмадан бері барша Қазақстанды шулатқан Төреғали Төреәлінің даулы видеосына қатысты шу әлі жалғасын табуда. Әншілер мен журналистер қауымы Төреәлінің ұлын қатаң сынап, желіде жазба қалдырғандарымен, біраз уақыттан кейін аталған жазбаларды өшіріп тастауда.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

12 пікір

  1. Торегали дурыс емес арине. Бирак Торегалига ози бастап тисип аузына келгенди оттаган улкен кисини неге айтпаымыз. Бирден барин Торегали Тореалига бас салмай.

    1. Торегали Торалини коре алмай адейи касакана жасалган. Минез баринде бар.Торегали дурыс жасады.Арким озин жондеп алуы керек.Журналисттер оган карсы шыксада зан барине бирдей.Журналист болдым екен деп отирик артык акпарат берсе жауап береди. журналист кудай мекен

    2. Себебi Төреғали халыктын баласы, ол сахнада тұрып өзiнiн мәдениетсiздiгiн көрсеттi, «эй братюха индюха» деген не сөз? . Одан қалса прямой эфирге шыгып халыкты итке тенеп,қарияларга топырак шашты. Сонда әкесi қайда қарап тур? Бiрақ ол әкесiнен алған тәрбие ғой,бурында Ерке Есмаханға бiрiншi болып тас лақтырған. Өкiнiштi.

  2. сіз тым қатты кеткен жоқсызба. Егерде Төреғалиді сіздер каналдар танымал қылса ол сіздердің жумыстарыңыз. Казіргі кезде кім танымал болмай жатыр бəрі жалған дауыспен өнерлі болып жур.Төреғали қателік жіберсе кешірім сұрадығо соны да ескерейік ағайын.

    1. кеширим сураймын кейын деп елдин бари аузына келгенин айта бермейди гой?!

      1. Сиз видеонын басын кординиз ба? Кормесениз кориниз, Торештин не ушин булай айтканын тусинесиз.

        1. Кешіріңіз, бірақ видеоның басында да кішкене қыздың телефонын тас болса лақтырып жіберер едім дегеніне не дейсіз? Мінез барлық адамда бар екені рас, бірақ сахнада жүргеннен кейін, халықтың алдында жүргеннен кейін мәдениетті жауап берсе де болар еді. Мәдениетті түрде де адамды біраз жерге апарып тастауға болады.

  3. Өкініп кешірім сұрағанша, неге кешірірім сұрамайтындай іс-əрекет жасамайсың Төрегали?!

  4. Торегали Торалинин андери радиодан ошседе конилден ешкашан ошпейди.Торегалидей ан ешким айта алмайды

  5. Шынымен ағайын туысыңыздай ең құрығанда дос болсаңыз жығылғанда жұдырық болмай басында өзіне не əкесіне вйтпайсыз ба….

  6. не де болса, Төреғали еш дұрыс емес, мен ақша төлегеннен кейін сенің маған қызмет етуіңді талап етемін!»’ Ал енді, қызмет көрсеткің келмесе, кет саxнадан!! уйіңде туалетте отырып өлең айт!»’ Сізді ешкім қыйнаған жоқ, ұнамаса шық залдан дейтіндей ол қандай жұлдыз? Қазакстанның бірде бір жұлдызы осы күнге дейін бұндай сұмдықты жамаған емес!»’

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close