Жаңалықтаржоғары

Роза Рымбаеваны Семей әкімі бес жыл бойы қалаға кіргізбей қойған

Қазақтың атын әлемге танытқан әйгілі әнші Роза Рымбаева бес жыл бойы Семей әкімінен қысым көргенін  КТК арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Туған жері Семейге концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.

«Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді», — дейді әнші.

Сахнадан айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін қалаға келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтты.

Сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйікті әншісі Семейге гастроль түгілі қыдырып та келе алмаған. Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып туған жеріне жеткен. Айтуынша, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Маган Кайрат Нуртас пен Жулдыз Әбдукаровага жанеде Ерке Есмаханга Ернар Айдарга дауыс берем тек кана биыктен корине берсин

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close