Жаңалықтаржоғары

Динара Қырықбаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Белгілі әнші Динара Қырықбаева бүгін, яғни 5 желтоқсан күні екінші рет ана атанды. Сүйінші хабарды 949 мың оқырманы бар әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады: “Айшулиннің інісі, қош келдің жаным. Екі баланың анасымын”, — дейді жас ана.

Жастайынан өнер әлемінде танылған әнші 2015 жылы 24 мамыр күні  Олжас есімді жігітке ұзатылды.  Айша есімді тәтті қыздың анасы қызын 2016 жылдың қаңтар айында дүние әкелген болатын. Енді торсықтай ұлдың да, ананың да денсаулығы жақсы. Сәбидің салмағы 3 келі 900 грамм, бойы 53 сантиметр боп туған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close