Жаңалықтаржоғары

Димаш Құдайбергеннің әкесі “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталды

Белгілі әнші, елімізді әлемдік деңгейде танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің әкесі әнші Қанат Айтбаев Президент күні қарсаңында мемлекеттік марапатқа ие болды. Ол “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталды. Бұл жайлы біріншті болып әншінің ұлы Димаш инстаграм желісіндегі парақшасында жариялады:

“Мені осы деңгейге жеткізген ағатайым тілді дамытуға қосқан үлесі үшін үлкен марапатқа ие болып отыр. Құттықтаймын. Менен: “Сенің еліктейтін, үлгі тұтатын адамың кім?” – деп сұраса ойланбастан ағатайымды айтамын. Бізге үлгі болып жүре беріңіз. Қазақ тілі әлемдік тіл болуы керек. Қазақ тілін біле тұра сөйлегісі келмейтін жастардың құлағына алтын сырға”, – деп жазды Димаш. Бір қызығы, Димаш өзінің әкесін ағатайым дегеніне оқырмандар таңқалды. Дегенмен, Қанат пен Света Айтбаевтар бір сұхбаттарында айта кеткендей, Димаш атасы мен әжесінің баласы. Сол кісілердің тәрбиесінде өскен екен.

Қанат Құдайбергенұлын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтаған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close