ЖаңалықтаржоғарыӘнші
Алтынай Жорабаева: Төрт қызым — Төрт құбылам! (фото)
Белгілі әнші — Алтынай Жорабаева желіде отбасылық түсірілімнен суреттер жариялап еді, халық қыздарының сұлулығы мен бойжетіп қалғандарын сөз етті.
Елдің басым көпшілігі көп балалы Жорабаеваға қызықты. Алтынай да жанкүйерлеріне алғысын жеткізіп: “Аллаға шүкір, төрт Ханшайымым, төрт құбылам! Алла тіл көзден сақтасын. Тілек -ниеттеріңізге рахмет”, – дейді.
Көпшіліктің пікірінше, Жорабаеваның үшінші қызы Семанұр әкесі Сәбит Әбдіхалықовқа ұқсаған. Ал бойжетіп қалған тұңғышы Аяулым мен Айнараны анасынан аумаған дейді.