Жаңалықтаржоғары

Тәуекел мен Жанар енді бірге ме?

Шоу-бизнестің ең сұлуы мен ең серісін халық көп қосып жатады. Біз кімді меңзеп тұрғанымызды жақсы түсініп отырған шығарсыз. Иә, «неге ала кетпедің?» деп ренішін білдірген Жанар Дұғалова мен Жанар үшін күлге айналған Тәуекел Мүсілім. 

Халық екеуін жиі көргендіктен бе, әлде «Махаббатым жүрегімде» сериалынан кейінгі Аида мен Дастанның тойынан кейін бе, «Осы екеуі жиі бірге жүреді. Ғашық емес па екен өзі?» деген сынды сұрақтарды жаудыра бастады.

Дәл осы сюжеттерден кейін ел арасында «Тәуекел мен Жанар шаңырақ көтеріпті-міс»— деген қау-өсектерді де тарата бастады.
Кейіннен Жанар жаңа әніне түсірілген бейнебаянына Тәуекелмен түсіп, тіпті сүйісіп отқа май құйғандай болды. Ой, отқа майы несі. Оттағы махаббат дегенім дұрысырақ болар…

Кейіннен әнші қызымыз Жанарды жұрт жоғалтып алды. Телеэкрандардан да сирек көре бастады. Сөйтсек, ол Тәуекел, Бауыржан Сатов т.б өнер иелерімен Баку қаласының тауында жүр екен. Сіз бал айы ма екен деп ойлап кеттіңіз бе? Жо-жоқ, олар жұмыс барысымен Әзірбайжан елінде. Ұзынқұлақтардың айтуынша, олар жарнама түсіруге келген екен. Әзірге нақты белгісіз. Көп ұзамай өздері де әлуметтік желідегі парақшаларына жазып қалар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close